Май аудандық мәслихатының (V сайланған XXXIV сессиясы) 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 9/34 "Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 қарашадағы № 2/42 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қарашада № 4165 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 2/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 10.03.2021 № 2/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Май аудандық мәслихатының (V сайланған ХХХІV сессиясы) 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 9/34 "Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3783 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2014 жылғы 1 мамырдағы № 16 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың он төртінші абзацындағы "Халықаралық қарттар күніне орай" деген сөздер "Халықаралық қарттар күніне орай" деген сөздермен алмастырылсын;

      1-тармақтың он сегізінші абзацындағы "Халықаралық мүгедектер күніне орай" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай" деген сөздермен алмастырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Қ. Ботабай

Аудандық мәслихатының хатшысы

Ғ. Арынов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады