2014 жылы жұмыспен қамту саласында Успен ауданының азаматтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 12 ақпандағы N 40/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 ақпанда N 3719 болып тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 10 ақпандағы N 1-18/82 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен ауданы әкімі аппаратының 10.02.2015 N 1-18/82 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Успен ауданы бойынша халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2014 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) Дәрігерлік–консультациялық комиссия анықтамалары бойынша еңбек етуге шектеуі бар тұлғалар;
      2) 50 жастағы және одан егде тұлғалар;
      3) жұмыс өтілі және мамандығы жоқ тұлғалар;
      4) ұзақ мерзім жұмыс істемеген тұлғалар (үш ай және одан аса);
      5) 29 жасқа дейінгі жастар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Солтанғазинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады