"Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы N 2/328 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 мамырда N 1055 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 1/65 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 23.02.2018 № 1/65 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы "Жарнама туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 64 "Автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы аталған қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 2/302 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 29 сәуірде № 978 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 мамырда "Алматы ақшамы" газетінің № 60 (4778) және "Вечерний Алматы" газетінің № 62 (12581) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі

А. Есімов


  Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "6" мамырдағы № 2/328
қаулысымен бекітілген

"Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама
объектісін орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі- Регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 64 қаулысымен бекітілген "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленді.

      "Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 91 мекенжайы бойынша орналасқан "Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін:

      көрсетілетін қызметті беруші;

      осы Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес мекенжайлар бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" (бұдан әрі- орталық);

      www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы баламалы негізде жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде немесе орталықта:

      көрсетілетін қызметті алушыға Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсатты қағаз тасымалдағышта (бұдан әрі – рұқсат), мерзімі көрсетілген қолхат негізінде, жеке өзі келген кезде қол қою және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну арқылы беру.

      2) порталда:

      Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы электрондық-цифрлық қолтаңбасын қойған (бұдан әрі - ЭЦҚ), электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының жеке "кабинетіне" жолданады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде
көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-әрекеттердің) басталуына көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызмет алушыдан өтінішті және Стандарттың 9 тармағында қарастырылған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауы негіз болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы, ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):

      1) көрсетілетін қызметті беруші маманының немесе орталық қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі;

      2) көрсетілетін қызметті беруші маманының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі;

      3) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін рәсімдеуі;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға немесе орталықтың қызметкеріне мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде
көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      көрсетілетін қызметті берушінің маманы.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, Стандарттың 4 тармағымен белгіленген мерзімге сәйкес бақылауға алады және қызмет берушінің басшысына қарауға береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарарға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындауға жолдайды;

      3) жауапты маман ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттарды тексергеннен және талдағаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдегеннен кейін тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді және оған көрсетілетін қызметті берушінің елтаңбалы мөрі қойылады;

      6) мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесі қолхат негізінде көрсетілетін қызметті алушыға немесе орталықтың қызметкеріне тізілімге сәйкес қол қою арқылы беріледі.

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00 - 14.00, жүзеге асырады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4 тармағымен белгіленген.

      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

      1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

      2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

      3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;

      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

      5) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының немесе орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс мәліметтері көрсетіле отырып, қолхат беріледі.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мамандарының арасындағы рәсімдер кезектілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасындағы кестеге сәйкес берілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, "электронды үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

      Мемлекеттік қызметті орталық арқылы көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға:

      1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

      2) сұрау салған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

      3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;

      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

      5) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған қызметті берушінің лауазымды тұлғасының немесе орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс мәліметтері көрсетілген қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін портал арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден немесе мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы, уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат түрінде алады.

      Орталықтың қызметкері түпнұсқалардың көшірмелерін немесе электрондық түрдегі көшірмелерімен түпнұсқалығын салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталықтың қызметкері Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетудің барысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы беріледі.

      12. Дайын құжаттарды беруді орталықтың қызметкері қолхат негізінде және онда көрсетілген мерзімде "кедергісіз қызмет көрсету" арқылы, жеке өзі келген кезде, қолын қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну арқылы жүзеге асырады.

      13. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат түріндегі сұрау салуы;

      2) Стандарттың 9 тармағымен көзделген құжаттар сканерленген көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға қоса беріледі.

      Мемлекеттік қызметті порталда көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке "кабинетіне" жолданады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті беруші мамандарының өзара әрекеттерінің, рәсімдерінің реттілігін, сонымен қатар орталықпен өзара іс-қимыл жасау тәртібінің және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес графикалық түрде берілген.

  "Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне
1 қосымша

Мемлекеттік қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы
рәсімдердің (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы





  "Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне
2 қосымша



  "Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне
3 қосымша

Алматы қаласы халыққа қызмет көрсету орталықтарының
тізбесі

"Алматы қаласы бойынша ХҚО" РМК филиалы

Жандосов көшесі, 51

Call centre 1414

Әуезов ауданының бөлімі

Жандосов көшесі, 51

+7(727)247-16-37

Алмалы ауданының бөлімі

Бөгенбай батыр көшесі, 221

+7(727)330-98-37

Алатау ауданының бөлімі

Шаңырақ-2 шағынауданы, Жанқожа батыр көшесі, 24

+7(727)299-87-30

Бостандық ауданының бөлімі

Алмагүл шағынауданы,

9 а

+7(727)396-25-59

Жетісу ауданының бөлімі

Төле би көшесі, 155

+7(727)330-72-43

Медеу ауданының бөлімі

Марков көшесі, 44

+7(727)330-98-14

Түрксіб ауданының бөлімі

Рихард Зорге көшесі, 9

+7(727)234-09-35


Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача разрешения на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в городе Алматы"

Постановление акимата города Алматы от 6 мая 2014 года N 2/328. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 30 мая 2014 года за N 1055. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 23 февраля 2018 года № 1/65

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 23.02.2018 № 1/65 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года "О рекламе", от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" и от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", руководствуясь постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2014 года № 64 "О вопросах оказания государственных услуг в сфере автомобильных дорог", акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги "Выдача разрешения на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в городе Алматы".

      2. Управлению архитектуры и градостроительства города Алматы обеспечить размещение настоящего постановления на официальном интернет-реcурсе акимата города Алматы.

      3. Признать утратившим силу постановление акимата города Алматы "Об утверждении регламента государственной услуги по выдаче разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы в городе Алматы" № 2/302 от 01 апреля 2013 года (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 29 апреля 2013 года № 978, опубликованное 16 мая 2013 года в газетах "Алматы Ақшамы" № 60 (4778) и в "Вечерний Алматы" № 62 (12581).

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы Б. Сауранбаева.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким города Алматы

А. Есимов


  Утвержден
постановлением акимата города Алматы
от 6 мая 2014 года № 2/328

Регламент государственной услуги
"Выдача разрешения на размещение объектов
наружной (визуальной) рекламы в городе Алматы"
1. Общие положения

      1. Настоящий Регламент государственной услуги "Выдача разрешения на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в городе Алматы" (далее – Регламент) разработан на основании Стандарта государственной услуги "Выдача разрешения на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения, а также в населенных пунктах", утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2014 года № 64 (далее – Стандарт).

      Государственная услуга "Выдача разрешения на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в городе Алматы" (далее – Государственная услуга) оказывается коммунальным государственным учреждением "Управление архитектуры и градостроительства города Алматы" (далее - услугодатель), расположенным по адресу: город Алматы, улица Абылай хана, 91.

      Прием заявлений и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются бесплатно юридическим и физическим лицам (далее – услугополучатель) через:

      услугодателя;

      Республиканское государственное предприятие "Центр обслуживания населения" (далее – центр), по адресам согласно приложению 3 к настоящему Регламенту;

      веб-портал "электронного правительства": www.e.gov.kz или веб-портал "Е-лицензирование" www.elicense.kz (далее – портал).

      2. Форма оказываемой Государственной услуги: электронная (частично автоматизированная) и (или) бумажная.

      3. Результат оказания государственной услуги:

      1) у услугодателя или в центре:

      выдача разрешения на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в городе Алматы (далее – разрешение) услугополучателю на бумажном носителе, на основании расписки, в указанный в ней срок, при личном посещении под роспись и по предъявлению документа, удостоверяющего личность или доверенности.

      2) на портале:

      разрешение на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в городе Алматы направляется услугополучателю в личный "кабинет" в форме электронного документа, подписанного электронно-цифровой подписью (далее – ЭЦП) уполномоченного лица услугодателя.

2. Описание порядка действий структурных подразделений
(работников) услугодателя в процессе оказания
государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является получение услугодателем заявления и необходимых документов для оказания государственной услуги от услугополучателя, предусмотренных пунктом 9 Стандарта.

      Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.

      5. Процедуры (действия), входящие в состав процесса оказания государственной услуги:

      1) прием документов специалистом услугодателя или работником центра и регистрация заявления;

      2) рассмотрение заявления и проверка представленных документов специалистом услугодателя;

      3) оформление результата оказания государственной услуги специалистом услугодателя;

      4) выдача результата оказания государственной услуги услугополучателю или работнику центра.

3. Описание порядка взаимодействия структурных
подразделений (работников) услугодателя в процессе
оказания государственной услуги

      6. Перечень структурных подразделений (работников) услугодателя, участвующих в процессе оказания государственной услуги:

      сотрудник канцелярии услугодателя;

      руководитель услугодателя;

      специалист услугодателя.

      7. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) услугодателя:

      1) сотрудник канцелярии услугодателя после поступления заявления и необходимых документов для оказания государственной услуги проводит регистрацию в Единой системе электронного документооборота услугодателя, ставит на контроль согласно сроку, установленному пунктом 4 Стандарта и передает на рассмотрение руководителю услугодателя;

      2) руководитель услугодателя согласно резолюции отписывает заявление услугополучателя специалисту услугодателя для исполнения;

      3) ответственный специалист проверяет представленные документы на соответствие пункту 9 Стандарта;

      4) после проверки и анализа представленных документов специалист услугодателя оформляет результат оказания государственной услуги;

      5) после оформления результата оказания государственной услуги специалист услугодателя передает на подпись руководителю услугодателя соответствующие документы и ставится гербовая печать услугодателя;

      6) готовый результат оказания государственной услуги передается услугополучателю на основании расписки или работнику центра согласно реестру под роспись.

      8. Прием документов и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется услугодателем - с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 18.00 часов, перерыв с 13.00 до 14.00 часов, кроме выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан.

      Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

      9. Сроки оказания государственной услуги установлены пунктом 4 Стандарта.

      При приеме необходимых документов для оказания государственной услуги через услугодателя выдается расписка с указанием:

      1) номера и даты приема запроса;

      2) вида запрашиваемой государственной услуги;

      3) количества и названия приложенных документов;

      4) даты (времени) и места выдачи документов;

      5) фамилии, имени, отчества должностного лица услугодателя либо работника центра, принявшего заявление на оформление документов;

      6) фамилии, имени, отчества (для физических лиц) или наименование (для юридических лиц), контактных данных услугополучателя;

      10. Описание последовательности процедур между специалистами услугодателя приведено в таблице согласно приложению 1 к настоящему Регламенту.

4. Описание порядка взаимодействия с центром обслуживания
населения и (или) иными услугодателями, а также порядка
использования информационных систем в процессе оказания
государственной услуги

      11. Прием документов и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется в центре - с понедельника по субботу включительно с 9.00 до 20.00 часов без перерыва, кроме выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан и в соответствии с установленным графиком работы.

      Государственная услуга оказывается в порядке "электронной" очереди, без ускоренного обслуживания, возможно бронирование электронной очереди посредством веб-портала "электронного правительства".

      При приеме необходимых документов для оказания государственной услуги через центр услугополучателю выдается расписка с указанием:

      1) номера и даты приема запроса;

      2) вида запрашиваемой государственной услуги;

      3) количества и названия приложенных документов;

      4) даты (времени) и места выдачи документов;

      5) фамилии, имени, отчества должностного лица услугодателя либо работника центра, принявшего заявление на оформление документов;

      6) фамилии, имени, отчества (для физических лиц) или наименование (для юридических лиц), контактных данных услугополучателя;

      Сведения документа, удостоверяющего личность услугополучателя, услугодатель получает из соответствующих государственных систем посредством портала или через информационную систему мониторинга оказания государственных услуг в форме электронных документов, удостоверенных ЭЦП уполномоченных лиц.

      Работник центра сверяет подлинность оригиналов с копиями или воспроизведенными электронными копиями документов, после чего возвращает оригиналы услугополучателю.

      В случае представления услугополучателем неполного пакета документов, согласно перечню, предусмотренному пунктом 9 стандарта услугополучателю, работником центра выдается расписка об отказе в приеме документов согласно приложению 2 к Стандарту.

      Информацию по вопросам оказания государственной услуги, а также о ходе оказания государственной услуги предоставляется по телефону единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг: 1414.

      12. Выдача готовых документов осуществляется работником центра посредством "безбарьерного обслуживания" на основании расписки, в указанный в ней срок, при личном посещении под роспись и по предъявлению документа, удостоверяющего личность или доверенности.

      13. Для оказания государственной услуги через портал услугополучателем предоставляется:

      1) запрос в форме электронного документа, удостоверенный ЭЦП услугополучателя;

      2) документы предусмотренные пунктом 9 стандарта в виде сканированной копии прикрепляется к электронному запросу.

      При оказания государственной услуги на портале результат оказания государственной услуги направляется услугополучателю в личный "кабинет" в форме электронного документа, подписанного ЭЦП уполномоченного лица услугодателя.

      14. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий специалистов услугодателя в процессе оказания государственной услуги, а также описания порядка взаимодействия с центром и порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги указаны в графическом виде согласно приложению 2 к настоящему Регламенту.

  Приложение 1
к Регламенту государственной услуги
"Выдача разрешения на размещение объектов
наружной (визуальной) рекламы в городе Алматы"

Описание последовательности процедур (действий) между
структурными подразделениями (работниками) услугодателя





  Приложение 2
к Регламенту государственной услуги
"Выдача разрешения на размещение объектов
наружной (визуальной) рекламы в городе Алматы"



  Приложение 3
к Регламенту государственной услуги
"Выдача разрешения на размещение объектов
наружной (визуальной) рекламы в городе Алматы"

Перечень центров обслуживания населения города Алматы

Филиал РГП "ЦОН по городу Алматы"

улица Джандосова, 51

Call centre 1414

отдел Ауэзовского района

улица Джандосова, 51

+7(727)247-16-37

отдел Алмалинского района

улица Богенбай батыра, 221

+7(727)330-98-37

отдел Алатауского района

мкр. Шанырак-2, улица Жанкожа батыра, 24

+7(727)299-87-30

отдел Бостандыкского района

мкр. Алмагуль,9 а

+7(727)396-25-59

отдел Жетысуского района

улица Толе би, 155

+7(727)330-72-43

отдел Медеуского района

улица Маркова, 44

+7(727)330-98-14

отдел Турксибского района

улица Рихарда Зорге, 9

+7(727)234-09-35