Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы 2014 жылғы 6 мамырдағы № 2/328 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 1/65 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 наурызда № 1458 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алматы қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы 2014 жылғы 6 мамырдағы № 2/328 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1055 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) Алматы қаласы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады