Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) оның Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарласын;
2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |
Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 маусымдағы N 2/486 қаулысымен бекітілді |
«Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағында:
Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 4/923 «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының ветеринариялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» қаулысымен құрылған Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының ветеринариялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бар.
3. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативті құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар.
5. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
6. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың, егер ол оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, бір тарабы болып қатысуына құқығы бар.
7. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мекенжайы: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
10. Толық атауы: «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы Басқармасының қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен табыстар жергілікті бюджет кірісіне жіберіледі.
2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
14. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 762 «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығына сәйкес «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің – Алматы қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмысын үйлестіру миссиясы белгіленді.15. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғаныс туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 762 «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен белгіленген:
1) Алматы қаласының индустриалды-инновациялық даму, кәсіпкерлік және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласындағы келешекке арналған экономикалық жоспарлау және болжамдау;
2) Алматы қаласының кәсіпкерлігін және өнеркәсібін дамытуда ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді келешекке стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;
3) инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шаралар әзірлеу және жүзеге асыру, Алматы қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасын және басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жеке инвесторлардың қаражаттарын тартуға ықпал ету;
4) Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік Бағдарламасын, оның ішінде, Индустрияландыру картасы арқылы жергілікті деңгейде іске асыру;
5) Алатау ауданының Индустриалды аймағын дамыту;
6) қолайлы кәсіпкерлік ахуалды қамтамасыз ету және тауар базарларының тиімді әрекет етуі үшін жағдайлар жасау;
7) тиімді қалалық инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
8) Алматы қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту Бағдарламасының шеңберіндегі міндеттерді іске асыру;
9) өсімдікті қорғау және карантині саласындағы заңнаманы қамтамасыз ету және сақтау, сондай-ақ қала аумағында фитосанитариялық іс-шараларды орындау;
10) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
11) Алматы қаласының аумағын басқа мемлекеттерден келетін жұқпалы және экзотикалық аурулардың енуінен және таралуынан қорғау;
12) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласында қызметін жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және жою;
13) халықтың денсаулығын адамдар және жануарлар үшін ортақ аурулардан қорғау, жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
14) гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және нығайту;
15) ауыл шаруашылығы машиналарын мемлекеттік техникалық тіркеу жүргізу кезінде нормативтік заңнамалық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
16. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы», 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы», 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы» Заңының 29 бабымен, 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 762 «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен белгіленген:
1) Алматы қаласының кәсіпкерлігін және өнеркәсібін дамытуда әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің мониторингін жүргізу;
2) Алматы қаласының кәсіпкерлігін және өнеркәсібін дамытуда әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын, орта мерзімді болжамдарын әзірлеу, олардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу;
3) жобаның бастамашыларынан келіп түсетін ұсыныстардың жинақталуын және жүйелендірілуін қамтамасыз ету, жобаларды Индустрияландыру картасына енгізу үшін қажетті құжаттарды алғашқы өңдеуден өткізу;
4) Алматы қаласының кәсіпкерлігін және өнеркәсібін дамытуда Алматы қаласының стратегиялық басымдықтарын жүзеге асыру шеңберінде кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметін үйлестіру;
5) инвестицияларды тарту жолымен өнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту, өткізу нарығын қалыптастыруға, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын жариялауға көмек көрсету;
6) «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру;
7) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында негізінде қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінің түрінен алынатын (алуға жататын) кірістерді кірістерге жатқызуды жүзеге асыратын растау құжатын беру;
8) ішкі сауданы және қызметтерді дамыту;
9) Алматы қаласы үшін өнеркәсіптің дәстүрлі салаларын дамыту;
10) Алматы қаласының азық-түлік тауарлары өңірлік тұрақтандыру қорының қызметін үйлестіру;
11) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың сатып алуындағы, жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамтудың үлесін арттыру;
12) шығарылатын өнімнің түрлері бойынша өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
13) агроөнеркәсіп кешенінің азық-түлік қауіпсіздігінің, өнімнің бағалары мен базарларының жағдайына мониторинг жүргізу;
14) бәсекеге қабілетті өндірістің қалыптасуының жағдайларын жасау, оларды жаңғырту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне өтуі бойынша іс-шаралар әзірлеу;
15) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілуінің теңгерімін құру;
16) Мемлекеттік қызметтерді көрсету:
а) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау;
б) жануарға ветеринариялық төлқұжат беру;
в) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеуді жүргізу;
г) ауыл шаруашылығы жануарларын бірегейлендіруді жүргізу;
д) мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыруды субсидиялау;
е) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу;
ж) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;
з) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
и) тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;
к) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу;
л) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;
м) бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау;
н) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау;
н) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру;
о) өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау;
п) тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестациялау;
р) басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау;
с) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау;
т) тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау;
у) элиталық тұқымдарды субсидиялау;
ф) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау;
х) «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды беру;
ц) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кепілдіктер беру;
ч) «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету;
ш) «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберінде гранттар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
щ) өтініш берушілердің және (-немесе) лицензиаттардың;
ы) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляцияға), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізуге, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану;
17) ветеринария саласындағы қызмет: өнімдердің және малдан алынатын шикізаттардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы;
18) ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет: мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;
19) лицензиялық бақылауды жүзеге асыруға лицензия алуы үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар беру;
20) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот өндірісін жүзеге асыру;
21) шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының ветеринариялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметіне басшылық жасау;
22) шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының ветеринариялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын дамыту жоспарларын қарау, келісу және бекіту;
23) шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының ветеринариялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мүлкінің сақталуына және пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
24) «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
25) «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
26) белгіленген тәртіпте негізгі міндеттері мен қызметтері Алматы қаласының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың Сауда және тамақтандыру қызметі туралы Ережемен белгіленген Алматы қаласының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың Сауда және тамақтандыру қызметінің қызметін ұйымдастырады;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16.1. Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының ветеринариялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының функциялары Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес белгіленген:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
2) жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтерді көрсету;
3) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы қолданылатын ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсатқа арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау бойынша қызметтерін көрсету;
4) әкімшілік-аумақтық бірліктерге сәйкес келетін жергілікті атқарушы органдар салған мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын күтіп ұстау;
5) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою.
17. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) Алматы қаласының барлық мемлекеттік органдарынан және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұрау және алу;
2) «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу;
3) «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізу;
4) «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының жобаларын, әкімнің шешімдері мен өкімдерін және Мәслихат шешімдерін енгізу;
5) кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін Алматы қаласы әкімдігінің жанынан арнайы комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтарын және басқа да кеңесші органдарды құруға бастамашы болу;
6) «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінген қаражаттар шегінде «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелерді әзірлеу үшін белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандарды тарту;
7) қала өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асыратын өкілеттіктерге сәйкес өткізілетін кеңестерді, жәрмеңкелерді, көрмелерді ұйымдастыру және оларға қатысу;
8) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 бабымен белгіленген тәртіпте сотқа талап-арызбен жүгіну;
9) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметті ұйымдастыруы
18. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өздерінің функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапкершілікте болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы лауазымға Алматы қаласы әкімінің өкімімен тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
21. Бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
2) өзінің орынбасарларының және «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекетіне бағытталған шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолдануда дербес жауапкершілікте болады.
4) заңнамаға сәйкес «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жазалар белгілейді;
6) «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
8) өзінің өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады;
9) шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының ветеринариялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысын лауазымына тағайындайды және шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының ветеринариялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысын лауазымынан босатады, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте оны аттестаттаудан өткізеді;
10) Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының ветеринариялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысының орынбасары және бас бухгалтерін лауазымына тағайындау және лауазымнан босату үшін келіседі;
11) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының ол болмаған кездегі өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оралымды басқару құқығында заңнамамен көзделген жағдайда оқшауланған мүлкі болады.«Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған жеке қызметінің және басқа да көздердің нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен құралады.
24. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражаттардың есебінен алынған, егер заңнамамен өзге әрекеттер көзделмеген болса, өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де әдістермен иелік етуге құқығы жоқ.