Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 238 бабының 3 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тiзбесiн қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Аққайың ауданы әкімдігінің "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2013 жылғы 18 қарашадағы № 276 (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 2423 тiркелдi, 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 60 "Колос", 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 55 "Аққайың" газеттерiнде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң орынбасары С.Ө. Мұқановқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі |
Қ. Қасенов |
"КЕЛІСІЛДІ" Аққайың ауданының мәслихатының хатшысы 2014 жылғы 11 ақпан |
Қ.Ғ. Құрманбаев |
Аққайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 48 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тiзбесiн
1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:1) үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
2) күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы;
3) әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші;
4) жұмыспен қамту орталығының басшысы;
5) жұмыспен қамту орталығының маманы.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме басшысы;
2) мемлекеттік мекеме басшының орынбасары (соның ішінде бірінші);
3) қазыналық кәсіпорынның басшысы;
4) қазыналық кәсіпорынның басшының орынбасары (соның ішінде бірінші);
5) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме басшысы;
6) мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорынның басшысы;
7) мұғалім;
8) социолог;
9) психолог;
10) тәрбиеші;
11) музыкалық жетекші;
12) нұсқаушы;
13) әдістемелік кабинеттің басшысы;
14) әдіскер;
15) шебер;
16) оқытушы;
17) вожатый;
18) кітапхана меңгерушісі;
19) интернат меңгерушісі;
20) шеберхана меңгерушісі.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме басшысы;
2) мемлекеттік мекеме басшының орынбасары (соның ішінде бірінші);
3) қазыналық кәсіпорынның басшысы;
4) қазыналық кәсіпорынның басшының орынбасары (соның ішінде бірінші);
5) бөлімше басшысы;
6) кітапхананың меңгерушісі;
7) клуб меңгерушісі;
8) әдіскер;
9) кітапханашы;
10) аға кітапханашы;
11) библиограф;
12) режиссер;
13) аккомпониатор;
14) мәдени ұйымдастырушы;
15) хореограф.
4. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1) дәрігер;
2) медициналық бике;
3) диетикалық бике.
5. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) бас маман;
2) аға маман;
3) нұсқаушы;
4) шебер;
5) әдістемеші;
6) жаттықтырушы.
6. Ветеринариялық мамандарының лауазымдары:
1) ветеринариялық станциясының басшысы;
2) ветеринариялық станциясының басшының орынбасары;
3) ветеринариялық дәрігер;
4) малдарды ветеринарлық өңдеу бойынша операторы;
5) малдарды және құстарды жасанды ұрықтандыру бойынша операторы;
6) ветеринар санитары;
7) зертханашы;
8) ветеринар фельдшеры;
9) ветеринар технигі;
10) малдарды жасанды ұрықтандыру бойынша технигі.