"Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 48 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 19 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 48 қаулысының (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 14 наурыздағы № 2611 тіркелген, 2014 жылғы 03 сәуірдегі № 15 "Колос" газетінде, 2014 жылғы 03 сәуірдегі № 15 "Аққайың" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аққайың ауданы
әкімінің м.а.
Е. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады