Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 қарашадағы N 276 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 желтоқсанда N 2423 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы N 48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 11.02.2014 N 48 қаулысымен (алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 238-бабының 3-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Аққайың ауданы әкімдігінің «Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 80 (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде 2008 жылғы 6 мамырдағы № 13-2-75 тiркелдi, 2008 жылғы 22 мамырдағы № 22 «Колос» газеттерiнде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң орынбасары С.Ө. Мұқановқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Солтүстiк Қазақстан облысы
      Аққайың ауданының әкімі                    Қ. Қасенов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аққайың ауданының
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Ғ. Құрманбаев
      2013 жылғы 18 қараша

Аққайың ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 18 қарашадағы
№ 276 қаулысына
қосымша

Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
      2) күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы;
      3) әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші;
      4) жұмыспен қамту орталығының маманы.

      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның, соның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (соның ішінде бірінші);
      2) мұғалім;
      3) социолог;
      4) психолог;
      5) тәрбиеші;
      6) музыкалық жетекші;
      7) нұсқаушы;
      8) әдістемелік кабинеттің жетекшісі;
      9) әдіскер;
      10) шебер;
      11) оқытушы;
      12) вожатый;
      13) кітапхана, жатақхана, шеберхана меңгерушісі.

      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (соның ішінде бірінші);
      2) бөлімше басшысы;
      3) кітапхананың, мәдениет үйінің меңгерушісі;
      4) әдіскер;
      5) кітапханашы, аға кітапханашы;
      6) библиограф;
      7) режиссер;
      8) аккомпониатор;
      9) мәдени ұйымдастырушы;
      10) хореограф.

      4. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
      1) дәрігер;
      2) медициналық бике;
      3) диетикалық бике.

      5. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) Мамандар (бас, аға), соның ішінде: нұсқаушы, шебер, әдістемеші, жаттықтырушы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады