"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6–бабына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 125 "Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2750 тіркелген, 2013 жылы 25 шілде күні "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі мәтінде қосымшасындағы "селолық" және "селосы" деген сөздер сәйкесінше "ауылдық" және "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау қалалық мәслихатының заңдылықты сақтау, азаматтардың арыз–шағымдарын қабылдау, экология, ауылшаруашылықты дамыту, тұрғын үй, энергетика және автокөлік жолдары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Рысқалиев).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХІХ сессия төрайымы | Б. Хаменова |
Атырау қалалық мәслихат хатшысы | Б. Қазиманов |