Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 05.02.2020 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Респуликасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары мен маршруттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар өткізудің тәртібі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Атырау қалалық мәслихатының келесі шешімдері:
1) 2013 жылғы 21 маусымдағы № 125 "Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2750 санымен тіркелген, "Атырау" газетінде 2013 жылғы 25 шілдеде жарияланған);
2) 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 229 "Атырау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 125 "Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3058 санымен тіркелген, "Атырау" газетінде 2015 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік мәселелрі, гендерлік және жастар саясаты, заңдылықты сақтау және депутаттық этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М. Әмірғалиев).
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
І сессиясының төрайымы | Б. Шеркешбаева |
Қалалық мәслихаты хатшысы | Қ. Әзмұханов |
Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 наурыздағы № 13 шешіміне 1 қосымша |
Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер өткізу орындары
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 26.07.2019 № 387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Елді мекен атауы | Орын |
1 | Атырау қаласы | Заполярная көшесінде орналасқан "Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттiк коммуналды- қазыналық кәсiпорны маңындағы демалыс саябағы |
2 | Атырау қаласы | Ануарбек Аккулов көшесі, № 29 үйінің алдындағы алаң |
3 | Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі, Еркінқала ауылы | Тусипкалиев көшесі, № 11А учаске, Жеңіс бағы |
4 | Атырау қаласы | Нұрғиса Тілендиев көшесі, "Жеңіс" саябағының алды |
5 | Атырау қаласы, Дамбы ауылдық округі, Аманкелді ауылы | Аманкелді Иманов көшесі, № 15 үй мекен-жайында орналасқан "Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттiк коммуналды- қазыналық кәсiпорнына қарасты Дамбы ауылдық Мәдениет үйi маңындағы алаң |
Атырау қаласында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруттары
№ | Елді мекен атауы | Орны |
1 | Атырау қаласы | Азаттық даңғылы және Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысынан бастап Махамбет Өтемісов көшесі және Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін |
2 | Атырау қаласы | Стройконтора шағын ауданындағы темір жол өткелінен бастап Зейнолла Қабдолов көшесі, № 1 үй, "АМӨЗ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратына дейін, Өтешқали Атамбаев көшесінің бойы |
Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 наурыздағы № 13 шешіміне 2 қосымша |
Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу тәртібі
1. Бейбіт жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi немесе демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.
2. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3) қалалының жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
7) алкагольдік және есірткілік масаң күйде қатысуға жол берілмейді.
3. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар өткiзу орындарында:
1) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткілік заттар пайдалануға, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын;
2) транспаранттарды, ұрандарды, өзге де материалдарын (визуальды аудио/бейне) пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыстар жасауға көпшілік алдында сөйлеуге шақырған, сондай-ақ әлдебір кісінің атына қатысты тіл тигізуге жол берілмейді.
4. Пикеттер өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
5. Пикеттер өткізілген кезде:
1) пикет өткізілетін объектіде отыруға, тұруға;
2) көрнекілік үгіт құралдарын пайдалануға;
3) қысқа ұрандарды айғайлап айтуға, пикет тақырыбы туралы сөздер қозғауға рұқсат беріледі.
6. Пикетті өзге нысанда митингіге, бейбіт жиналысқа, шеруге немесе демонстрацияға жалғастыру үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша қаланың жергілікті атқарушы органынан рұқсат алу қажет.
7. Қаланың жергілікті атқарушы органынан бейбіт жиналыс, митингі, шеру, пикет немесе демонстрациялар өткізу үшін бас тартылған жағдайда немесе оны өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданған болса, ұйымдастырушылар тез арада дайындық шараларын болдырмауға ықтимал қатысушыларды тиісті дәрежеде жария етудің шараларын қабылдайды.
Егер бейбіт жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға байланысты болса, сондай-ақ Конституцияның басқа да ережелері, заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілері бұзылса немесе азаматтардың қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіпке қауіп төнсе өткізуге жол берілмейді.
8. Егер өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар қаланың жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуы тиіс.
9. Қаланың жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары бейбіт жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.
10. Бейбіт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
11. Бейбіт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiп бойынша өтелуге жатады.
12. Бейбіт жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзiлетiн жерде барлық қосымша туындаған шығындарды, соның ішінде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыруды ұйымдастырушылар өтейдi.