Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртiбiн қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 125 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 шілдеде № 2750 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 наурыздағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 28.03.2016 № 13 шешімімен (жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Атырау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және жастар ісі, әйелдер істері және отбасылық–демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      XIV сессия төрағасы

С. Нәжікенов

      Атырау қалалық мәслихат хатшысының
уақытша міндетін атқарушы

Б. Рысқалиев

   


Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 21 маусымдағы № 125 шешіміне қосымша 

Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындар

      Ескерту. Шешімнің қосымшасына өзгерістер енгізілді – Атьрау облысы Атырау қалалық мәслихатының 05.12.2014 № 229 шешімімен.
 


 

Орындар
 

1
 

Абай Құнанбаев көшесінде орналасқан № 28 үйдің алдындағы алаң
 

2
 

Геолог ауылдық округі, Геолог ауылы, № 29 үйдің алдындағы алаң
 

3
 

Дамбы ауылдық округі, Амангелді ауылында орналасқан "Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына қарасты Дамбы ауылдық Мәдениет үйі алдындағы алаң
 

4
 

Еркінқала ауылдық округі, Еркінқала ауылы, Жеңіс саябағындағы алаң
 

5
 

Балықшы ауылдық округі, Водниково ауылында орналасқан "Герман" дүкені маңындағы алаң
 

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады