Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 29.12.2018 № 202-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес және облыстық Әділет Департаментінің 2014 жылғы 1 қазандағы №3-7869/14 санды ақпараттық хатын қарай отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі № 54-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4-4-203 санымен тіркелген, "Нарын таңы" газетінің 2012 жылғы 9 тамызда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің 1 тармағында "денсаулық сақтау" деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар ісі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (К. Нұрманова) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясының төрағасы: |
С. Меңдіғазиев |
Аудандық мәслихат хатшысы: | Ж. Кадимов |