Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 202-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 қаңтарда № 4327 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Исатай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Исатай аудандық мәслихатының2012 жылғы 27 шілдедегі № 54-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-4-203 санымен тіркелген, 2012 жылғы 9 тамызда аудандық "Нарын таңы" газетінде жарияланған) шешімі;

      2) Исатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 54-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Исатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қазандағы № 217-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3020 санымен тіркелген, 2014 жылғы 30 қазанда аудандық "Нарын таңы" газетінде жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Исатай аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына (Л. Мутянова) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХХІV сессиясының төрағасы
Д. Зұлхашев
      Аудандықмәслихатхатшысы Н. Мұханбеталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады