Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 54-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 2 тамызда № 4-4-203 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 202-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 29.12.2018 № 202-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес аудандық әкімдіктің ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1.Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 15.10.2014 № 217-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 183-ІV "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларының мамандарына отын сатып алуы үшін бір жолғы ақшалай төлемдерді тағайындау, қаржыландыру және төлеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4-4-159 санымен тіркелген, аудандық "Нарын таңы" газетінің 2010 жылғы 27 маусымдағы № 22 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар ісі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (К. Нұрманова) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті V сессиясы
төрағасының міндетін атқарушы,
Аудандық мәслихат хатшысы
Ж. Қадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады