Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі № 54-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қазандағы № 217-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қазанда № 3020 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 202-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 29.12.2018 № 202-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес және облыстық Әділет Департаментінің 2014 жылғы 1 қазандағы №3-7869/14 санды ақпараттық хатын қарай отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі № 54-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4-4-203 санымен тіркелген, "Нарын таңы" газетінің 2012 жылғы 9 тамызда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің 1 тармағында "денсаулық сақтау" деген сөз алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар ісі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (К. Нұрманова) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХХV сессиясының төрағасы:
С. Меңдіғазиев
      Аудандық мәслихат хатшысы: Ж. Кадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады