"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 25/158-ІV "Ауылдық елді мекендерде тұратын мамандарға әлеуметтік көмек беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-2-84 тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсанда "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына отын сатып алу үшiн жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 2 (екi) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтік көмек берiлсiн.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының | |
төрағасы, мәслихат хатшысы | Т.Тулбасиев |