Арыс қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 11/78-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 10 сәуірде № 4027 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 26/189-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды – Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 19.09.2018 № 26/189-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Арыс қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы М.Мырзаев
      Қалалық
      мәслихат хатшысы А.Байтанаев

  Арыс қалалық мәслихатының
2017 жылғы 24 наурыздағы
№ 11/78-VІ шешіміне қосымша

Арыс қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 25/158-ІV "Ауылдық елді мекендерде тұратын мамандарға әлеуметтік көмек беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-2-84 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсандағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған);

      2. Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 28/182-ІV "Ауылдық елді мекендерде тұратын мамандарға әлеуметтік көмек беру туралы" Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы қарашадағы № 25/158-ІV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-2-87 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 27 ақпандағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған);

      3. Арыс қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 маусымдағы № 4/31-V "Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы қарашадағы № 25/158-ІV "Ауылдық елді мекендерде тұратын мамандарға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-2-133 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 21 шілдедегі "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған);

      4. Арыс қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 36/213-V "Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы қарашадағы № 25/158-ІV "Ауылдық елді мекендерде тұратын мамандарға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2963 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 7 ақпандағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады