Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына отын сатып алу үшiн жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 2 (екi) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтік көмек берiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 19.12.2014 № 36/213-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қалалық мәслихат | |
сессия төрағасы: | С.Файзуллаев |
Қалалық мәслихат хатшысы: | Ө. Керiмқұлов |