Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 01 тамыздағы № 1195 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 тамызда № 3462 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 1070 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 11.07.2016 № 1070 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген қылмыстық–атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық–атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 5-2-152 болып тіркелген, "Семей таңы" газетінде 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 5, "Вести Семей" газетінде 2012 жылғы 17 наурыздағы № 5 сандарында жарияланған) 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1473, "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қала әкімдігінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1473 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 2680 болып тіркелген, "Семей таңы" газетінде 2012 жылғы 5 қазандағы № 80, "Вести Семей" газетінде 2012 жылғы 5 қазандағы № 80 сандарында жарияланған) 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1095 әкімдік қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Семей қаласының әкімі
А. Кәрімов

      

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно - исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 01 августа 2014 года № 1195. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 21 августа 2014 года № 3462. Утратило силу - постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 11 июля 2016 года № 1070

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 11.07.2016 № 1070 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктами 14-1), 14-3) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 5-5), 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстана от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях социальной защиты лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, испытывающих трудности в поиске работы, для обеспечения их занятости, акимат города Семей ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере один процент от общей численности рабочих мест.
      2. Признать утратившими силу постановления акимата от 13 декабря 2011 года № 1473 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 7 января 2012 года № 5-2-152, опубликовано в газетах "Семей таңы" от 17 января 2012 года № 5, "Вести Семей" от 17 января 2012 года № 5), от 5 сентября 2012 года № 1095 О внесении изменений в постановление акимата от 13 декабря 2011 года № 1473 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 28 сентября 2012 года № 2680, опубликовано в газетах "Семей таңы" от 5 октября 2012 года № 80, "Вести Семей" от 5 октября 2012 года № 80).
      3. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Исабаеву З. Р.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким города Семей
А. Каримов