"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1473 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі N 1095 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 қыркүйекте N 2680 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 01 тамыздағы N 1195 қаулысымен

      Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 01.08.2014 N 1195 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13)14)14-3) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген қылмыстық–атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 7 қаңтарда № 5-2-152 тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 5, «Вести Семей» газетінде 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 5 сандарында жарияланған) қала әкімдігінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1473 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қаулыға тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Қылмыстық–атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»;
      1–тармақ төмендегі редакцияда жазылсын:
      «1. Қылмыстық–атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін».
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласының әкімі                          А. Кәрімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады