Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы N 1473 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 07 қаңтарда N 5-2-152 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 01 тамыздағы N 1195 қаулысымен

      Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 01.08.2014 N 1195 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2012.09.05 N 1095 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13)14) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық–атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2012.09.05 N 1095 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      2. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылғы 10 қарашада № 5-2-137 болып тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2010 жылғы 24 қарашадағы № 47, «Вести Семей» газетінде 2010 жылғы 24 қарашадағы № 47 жарияланған) 2010 жылғы 15 қазандағы № 1127 қаулының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласының әкімі                               А. Кәрімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады