Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 1070 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 тамызда № 4621 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 821 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 12.06.2017 № 821 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен күшіне енеді).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) 14-3) тармақшаларына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7, 8, 9-тармақтарына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Семей қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 1195 "Қылмыстық–атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3462 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 69 "Семей таңы", № 69 "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. В. Шароваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады