Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 04.05.2018 № 20/153-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 381-бабы, 386-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 17-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлердің салық ставкалары туралы" 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/66-V Курчатов қалалық мәслихаты шешімінің тақырыбына өзгеріс енгізілсін:
шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлердің салық ставкаларын белгілеу туралы".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Дмитропавленко |
Курчатов қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Г. Қарымбаева |