Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлердің салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 10/66-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылдың 18 қаңтарында N 2828 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 20/153-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 04.05.2018 № 20/153-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 20.03.2014 № 21/153-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).


      "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 381 бабына, 386-бабы 3-тармағына, "Қазақсатан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 1-қосымшаға сәйкес Курчатов қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 24.09.2014 № 28/193-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тұрғын үй қоры, оның ішінде жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің базалық ставкалары бойынша салық салуға жататын автұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық ставка мөлшері 2-қосымшаға сәйкес автотұрақтар санатына қарай ұлғайтуы белгіленсін.
      3. Автұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санатты жерлердің салығын есептеу кезінде базалық ставкалары колданылатын Курчатов қаласы, жақын елді мекен болып танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. Киселева
      Курчатов қалалық
      мәслихатының хатшысы Г. Қарымбаева

  2012 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 10/66–V шешімге
1 қосымша

Курчатов қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Санаттары

1

Жабық үлгідегі жерүсті автотұрақтары, ғимараттар астында немесе төменгі жерүсті қабаттарында орналасқан автотұрақтар

1 санат

2

Басқа қолданыстағы ғимараттар жанында салынған автотұрақтар, басқа қолданыстағы ғимараттарда салынған автотұрақтар

2 санат

3

Ашық үлгідегі жерүсті автотұрақтары

3 санат

  2012 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 10/66–V шешімге
2 қосымша

Санаттарына қарай автотұрақтарға (паркингтерге) бөлiнген жерлердің базалық ставкалар мөлшерін ұлғайту туралы

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Базалық ставкалар мөлшерінің ұлғаюы

1

1 санат

10 есе

2

2 санат

9 есе

3

3 санат

8 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады