Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 20/153-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2018 жылғы 15 мамырда № 5-3-121 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 505 - бабына, 509 – бабы 3 – тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабы 1 – тармағы 15) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1 – қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Курчатов қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарына қарай, автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2 – қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      3. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Курчатов қаласы болып айқындалсын.

      4. 3 – қосымшаға сәйкес Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Э. Батырбеков
      Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г. Қарымбаева

  Курчатов
қалалық мәслихатының
2018 жылғы 4 мамырдағы
№ 20/153-VІ шешіміне
1 қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) түрлері

Санаттары

1

Жабық түрдегі жер үстіндегі автотұрақтар (паркингтер), ашық түрдегі жер үстіндегі автотұрақтар (паркингтер)

1 - санат

2

Басқа мақсатқа арналған ғимараттарға жапсарлай немесе басқа мақсаттарға салынған ғимараттарға кіріктіріліп салынған автотұрақтар (паркингтер)

2 - санат

3

Ғимараттардың жер асты, жертөле, цокольды немесе жерүсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтер)

3 - санат

  Курчатов
қалалық мәслихатының
2018 жылғы 4 мамырдағы
№ 20/153-VІ шешіміне
2 қосымша

Курчатов қаласында автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Базалық мөлшерлемелерді ұлғайту

1

1 санат

10 есе

2

2 санат

9 есе

3

3 санат

8 есе

  Курчатов
қалалық мәслихатының
2018 жылғы 4 мамырдағы
№ 20/153-VІ шешіміне
3 қосымша

Курчатов қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлердің салық ставкаларын белгілеу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/66-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2828 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 24 қаңтардағы "7 дней" газетінің № 4 санында жарияланған).

      2. "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлердің салық ставкаларын белгілеу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/66-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 21/153-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3232 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы "7 дней" газетінің № 18 санында жарияланған).

      3. "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлердің салық ставкаларын белгілеу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/66-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 28/193-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3506 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 30 қазандағы "7 дней" газетінің № 44 санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады