Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 04 шілдедегі № 25/180-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 шілдеде № 3401 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 14/103-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 14.06.2017 № 14/103-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және құжаттар тізбесін айқындау туралы" 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8/55-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2765 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 санында жарияланған) және "Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және құжаттар тізбесін айқындау туралы" 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8/55-V шешімге өзгеріс енгізу туралы" 2013 жылғы 20 маусымдағы № 13/92-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2992 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 30 санында жарияланған) мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Рыспеков
      Курчатов қалалық
      мәслихатының хатшысы Г. Қарымбаева

  Курчатов қалалық
мәслихатының 2014 жылғы
04 шілдедегі № 25/180-V
шешіміне қосымша

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Курчатов қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесi;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Курчатов қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде Курчатов қаласының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
      3. Осы Қағидалар Курчатов қаласының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.
      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 17.03.2015 № 33/233-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау,
әлеуметтік көмектің мөлшерлерін және жан басына шаққандағы
орташа табыстың шегін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:
      1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      2) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девианттық мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;
      3) туғаннан үш жасқа дейінгі бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктері шектелген балалар;
      4) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;
      5) әлеуметтік мәні бар аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар адамдар;
      6) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар;
      7) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездікке ұшыраған адамдар;
      8) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
      9) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар;
      10) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      11) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан зиян алған адамдар;
      12) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар).
      7. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленсін.
      8. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      8-1. Амбулаторлық емделудегі, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік көмек 6 АЕК (отбасы табысының есебінсіз) көлемінде.".
      Ескерту. Шешім 8-1-тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 16.09.2016 № 6/38-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
      1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан – басқа мемлекеттердiң аумақтарын-дағы ұрыс қимылдарға қатысушыларға – 60000 (алпыс мың) теңге;
      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:
      "Алтын алқа" алқасымен, І мен ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға – 10000 (он мың) теңге;
      "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға – 10000 (он мың) теңге;
      төрт және одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға – 10000 (он мың) теңге;
      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір – 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға – 60000 (алпыс мың) теңге;
      4) Жеңіс күні – 9 мамыр:
      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 60000 (алпыс мың) теңге;
      қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелді қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 60000 (алпыс мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарына, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға – 60000 (алпыс мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандарға – 60000 (алпыс мың) теңге;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарға – 60000 (алпыс мың) теңге;
      Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне – 60000 (алпыс мың) теңге;
      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 60000 (алпыс мың) теңге;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 60000 (алпыс мың) теңге;
      қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 60000 (алпыс мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталғандарға – 10000 (он мың) теңге;
      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға – 24000 (жиырма төрт мың) теңге;
      5) Саяси қуғын-сүргіндер құрбандары күні – 31 мамыр – 5000 (бес мың) теңге.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 17.03.2015 № 33/233-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мейрам күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша Курчатов қаласының әкімдігі бекітетін тізімдер бойынша көрсетіледі.
      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұынады.
      Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.
      12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға жібереді.
      15. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсету үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
      16. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
      17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      18. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсетудің қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
      19. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 15 және 16 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      20. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
      21. Белгіленген негіздемелердің бірі бойынша әлеуметтік көмек бір күнтізбелік жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтiнiш берушiлер ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн қалалық мәслихат белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      23. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру жергілікті бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болғанда;
      2) алушы Курчатов қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіпте қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

Решение Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 04 июля 2014 года № 25/180-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 17 июля 2014 года № 3401. Утратило силу - решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 14 июня 2017 года № 14/103-VI

      Сноска. Утратило силу – решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 14.06.2017 № 14/103-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Курчатовский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан согласно приложению.
      2. Признать утратившими силу решения маслихата от 21 ноября 2012 года № 8/55-V "Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан и перечня документов для оказания им социальной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 2765, опубликовано в газете "7 дней" от 27 декабря 2012 года № 52) и от 20 июня 2013 года № 13/92-V "О внесении изменения в решение от 21 ноября 2012 года № 8/55-V "Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан и перечня документов для оказания им социальной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 2992, опубликовано в газете "7 дней" от 25 июля 2013 года № 30).
      3. Настоящее решения вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С. Рыспеков
      Секретарь Курчатовского
      городского маслихата Г. Карымбаева

  Приложение к решению
Курчатовского городского
маслихата от 04 июля 2014 года
№ 25/180-V

Правила
оказания социальной помощи, установления размеров и определения
перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

1. Общие положения

      1. Основные термины и понятия, которые используются в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила):
      1) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;
      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима города Курчатов по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;
      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Восточно-Казахстанской области;
      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;
      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;
      6) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;
      7) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Курчатов", финансируемое за счет местного бюджета, осуществляющее оказание социальной помощи;
      8) уполномоченная организация – Восточно-Казахстанский областной филиал Республиканского государственного казенного предприятия "Государственный центр по выплате пенсий Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан";
      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акима города Курчатов для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;
      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.
      2. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом города Курчатов (далее – МИО) в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.
      3. Настоящие Правила распространяются на лица, зарегистрированных на территории города Курчатов.
      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).
      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 17.03.2015 № 33/233-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      5. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых акиматом Восточно-Казахстанской области.

2. Порядок определения перечня категорий получателей
социальной помощи, установления размеров социальной помощи и
порога среднедушевого дохода

      6. Перечень категорий получателей социальной помощи:
      1) дети сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;
      2) безнадзорные несовершеннолетние, в том числе с девиантным поведением;
      3) дети от рождения до трех лет с ограниченными возможностями раннего психофизического развития;
      4) лица, со стойкими нарушениями функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями;
      5) лица, имеющие социально значимые заболевания и заболевания, представляющие опасность для окружающих;
      6) лица неспособные к самообслуживанию, в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и (или) инвалидности;
      7) лица, подвергшиеся жестокому обращению, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации;
      8) бездомные (лица без определенного места жительства);
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы;
      10) лица, находящиеся на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции;
      11) лица, получившие ущерб вследствие стихийного бедствия или пожара;
      12) лица (семьи), со среднедушевым доходом семьи, за квартал, предшествующий кварталу обращению, не превышающим установленного порога.
      7. Установить порог среднедушевого дохода в размере двухкратной величины прожиточного минимума.
      8. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи. Предельный размер социальной помощи составляет 100 месячных расчетных показателей
      8-1. Ежемесячная социальная помощь гражданам, болеющим активными формами туберкулеза, находящимся на амбулаторном лечении, в размере 6 МРП (без учета дохода семьи).
      Сноска. Решение дополнено пунктом 8-1 в соответствии c решением Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 16.09.2016 № 6/38-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      9. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням предоставляется следующим категориям граждан:
      1) День вывода войск с территории Афганистана, день памяти воинов-интернационалистов – 15 февраля – участникам боевых действий на территории других государств – 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;
      2) Международный женский день – 8 марта:
      многодетным матерям, награжденным подвеской "Алтын алқа", орденами "Материнская слава" I и II степени или ранее получившим звание "Мать-героиня" – 10000 (десять тысяч) тенге;
      многодетным матерям, награжденным подвеской "Күміс алқа" – 10000 (десять тысяч) тенге;
      многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей – 10000 (десять тысяч) тенге;
      3) Международный день Памяти жертв радиационных аварий и катастроф – 26 апреля – лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях и учениях – 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;
      4) День Победы – 9 мая:
      инвалидам и участникам Великой Отечественной войны – 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;
      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившим в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 г. в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии – 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;
      лицам вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшим штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившимся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 г. в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии – 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;
      лицам, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг – 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;
      лицам, принимавшим участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований – 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;
      работникам спецформирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, переведенных в период Великой Отечественной войны на положение военнослужащих и выполнявших задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также членов экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств – 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;
      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда" – 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;
      бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны – 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;
      супругам военнослужащих, погибших во время Великой Отечественной войны, не вступившим в повторный брак – 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;
      награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 10000 (десять тысяч) тенге;
      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны – 24000 (двадцать четыре тысяч) тенге;
      5) День жертв политических репрессий – 31 мая – лицам, пострадавшим от политических репрессий – 5000 (пять тысяч) тенге.
      Сноска. Пункт 9 - в редакции решения Курчатовского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 17.03.2015 № 33/233-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Порядок оказания социальной помощи

      10. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням, оказывается по спискам, утверждаемым акиматом города Курчатов по представлению уполномоченной организаций, без истребования заявлений от получателей.
      11. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи представляет в уполномоченный орган заявление с приложением следующих документов:
      1) документ, удостоверяющий личность;
      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;
      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к "Типовым Правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504;
      4) сведения о доходах лица (членов семьи);
      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.
      Лицами (семьями), находящимся в трудной жизненной ситуации, вследствие стихийного бедствия и пожара, заявление подается в течение трех месяцев со дня наступления события.
      12. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      13. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).
      14. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к "Типовым Правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 и направляет их в уполномоченный орган.
      15. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.
      16. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.
      17. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.
      18. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.
      19. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.
      В случаях, указанных в пунктах 15 и 16 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя.
      20. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.
      21. По одному из установленных оснований социальная помощь в течение одного календарного года повторно не оказывается.
      22. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:
      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;
      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);
      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного порога для оказания социальной помощи.
      23. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных местным бюджетом на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой
социальной помощи

      24. Социальная помощь прекращается в случаях:
      1) смерти получателя;
      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы города Курчатов;
      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;
      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.
      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.
      25. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      26. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченый орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".