"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 04 шілдедегі № 25/180-V шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6/38-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 қазанда № 4686 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 14/103-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 14.06.2017 № 14/103-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6- бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Курчатов қаласының мәслихатының 2014 жылғы 04 шілдедегі № 25/180-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3401 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 31 санында жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары" келесі мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Амбулаторлық емделудегі, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік көмек 6 АЕК (отбасы табысының есебінсіз) көлемінде.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы С. Остапенко
      Курчатов қалалық мәслихаттың
      хатшысы Г. Қарымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады