Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 75 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 сәуірде № 3234 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 281 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 27.11.2014 № 281 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
     РҚАО-ның ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31–бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7-баптарына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының Тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын қарастырсын.
      3. «Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 227 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-142 тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 7 (198) санында жарияланған) қаулысының, «2011 жылғы 23 желтоқсандағы «Халықтың нысаналы топтарының тiзбесiн бекiту туралы» әкімдіктің № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 510 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2728 тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 13 (6631), «Аудан тынысы» газетінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 13 (313) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Г. Акулов


Бородулиха ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 75 қаулысына қосымша

Бородулиха ауданыны бойынша халықтың нысаналы топтарының
Тізбесі

      1. Табысы аз адамдар;
      2. жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3. балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата–анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4. кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
      6. зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7. мүгедектер;
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9. бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10. оралмандар;
      11. техникалық және кәсiптiк бiлiм беру, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарын бітірушілер;
      12. жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13. қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14. 50 жастан асқан әйел адамдар, 55 жастан асқан ер адамдар;
      15. нашақорлыққа тәуелді адамдар, АИТВ жұқтырған азаматтар, туберкулез ауруынан жазылғандар;
      16. ұзақ уақыт (1 жылдан артық) жұмыс істемеген адамдар;
      17. отбасында бір де бір жұмысшы жоқ адамдар;
      18. еңбек өтілі жоқ адамдар жатады.
 

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Бородулихинского района

Постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 27 марта 2014 года № 75. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 16 апреля 2014 года № 3234. Утратило силу постановлением акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 27 ноября 2014 года № 281

     Сноска. Утратило силу постановлением акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 27.11.2014 № 281 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
     Примечание РЦПИ.
     В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
     В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьями 5 и 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», акимат Бородулихинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить Перечень целевых групп населения, проживающих на территории Бородулихинского района, согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению «Отдел занятости и социальных программ Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области» предусмотреть меры по содействию занятости целевых группах населения.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 23 декабря 2011 года № 227 «Об утверждении Перечня целевых групп населения» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-8-142, опубликованного в районной газете «Аудан тынысы» № 7 (198) от 20 января 2012 года), постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 25 октября 2012 года № 510 «О внесении изменений в постановление акимата от 23 декабря 2011 года № 227 «Об утверждении Перечня целевых групп населения» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2728, опубликованного в районных газетах «Пульс района» от 12 февраля 2013 года № 13 (6631), «Аудан тынысы» от 12 февраля 2013 года № 13 (313).
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Бородулихинского района Атаеву Р. А.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 
 

      Аким района

Г. Акулов


Приложение к постановлению
акимата Бородулихинского
района от 27 марта 2014 года
№ 75

Перечень целевых групп населения, проживающих на территории
Бородулихинского района

      1. Малообеспеченные;
      2. молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      3. воспитанники детских домов, дети–сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      4. одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5. граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6. лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7. инвалиды;
      8. лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      9. лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10. оралманы;
      11. выпускники организаций технического и профессионального образования, послесреднего, высшего и послевузовского образования;
      12. лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя - юридического лица либо прекращением деятельности работодателя - физического лица, сокращением численности или штата работников.
      13. лица, состоящие на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции;
      14. женщины старше 50 лет, мужчины старше 55 лет;
      15. лица наркозависимые, ВИЧ инфицированные граждане, вылеченные больные туберкулезом;
      16. лица, длительное время (более года) не имеющие работы;
      17. лица, из семей, где нет ни одного работающего;
      18. лица, не имеющие стажа работы