2011 жылғы 23 желтоқсандағы "Халықтың нысаналы топтарының тiзбесiн бекiту туралы" әкімдіктің № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қазандағы N 510 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылдың 21 қарашасында N 2728 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы N 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 27.03.2014 N 75 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағы, 7-бабы 2) тармақшасы негізінде, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 23 желтоқсандағы «Халықтың нысаналы топтарының тiзбесiн бекiту туралы» әкімдіктің № 227 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 5-8-142 санымен тіркелген, аудандық газеттерде «Аудан тынысы» 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 7, «Пульс района» 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 7 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      қосымшаның 11) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «11. техникалық және кәсiптiк бiлiм беру, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарын бітірушілер;»;
      қосымшаның 14) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «14. қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                         Г. Акулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады