Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы N 227 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 қаңтарда N 5-8-142 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы N 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 27.03.2014 N 75 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7-баптарына сәйкес Бородулиха ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Бородулиха ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының тiзбесi белгiленсiн.
      2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын қарастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Бородулиха ауданы әкiмiнiң орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      
      Аудан әкiмі                                          Г. Акулов

      Бородулиха ауданы әкімдігінің
      2011 жылғы 23 желтоқсандағы
      № 227 қаулысына қосымша

Бородулиха ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының тізбесі

      1. Табысы аз адамдар;
      2. жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3. балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата – ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4. кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата - аналар;
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6. зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7. мүгедектер;
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Қүштері қатарынан босаған адамдар;
      9. бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10. оралмандар;
      11. техникалық және кәсiптiк бiлiм беру, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарын бітірушілер;
      Ескерту. Қосымшаның 11-тармақшасы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012.10.25 N 510 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі).
      12. жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
      13. 50 жастан асқан әйел адамдар, 55 жастан асқан ер адамдар;
      14. қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      Ескерту. Қосымшаның 14-тармақшасы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012.10.25 N 510 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі).
      15. нашақорлыққа тәуелді адамдар, АИТВ жұқтырған азаматтар, туберкулез ауруынан жазылғандар;
      16. ұзақ уақыт (1 жылдан артық) жұмыс істемеген адамдар;
      17. отбасында бір де бір жұмысшы жоқ адамдар;
      18. еңбек өтілі жоқ адамдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады