Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 21-8-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 3280 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 27.06.2017 № 12-7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Бородулиха ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі № 6-4-V (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2618 нөмірімен тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 65 (256), "Пульс района" газетінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 65 (6575) сандарында жарияланған) шешімі;

      2) "Бородулиха ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі № 6-4-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Бородулиха аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 28 маусымдағы № 15-6-V (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3000 нөмірімен тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 64 (364), "Пульс района" газетінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 64 (6683) сандарында жарияланған) шешімі.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Бергенев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы У. Майжанов

  Бородулиха аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
27 наурыздағы № 21-8-V
шешімімен бекітілді

Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында (бұдан әрі - Қағидалар) пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Бородулиха ауданының әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Бородулиха ауданының әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Бородулиха ауданның жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. Осы қағидалар Бородулиха ауданының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.

      4. Әлеуметтік көмек біржолғы және бір рет көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 29.10.2014 № 27-5-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін және жан басына шаққандағы орташа табыстың шегін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:

      1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девианттық мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;

      3) туғаннан үш жасқа дейінгі бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктері шектелген балалар;

      4) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;

      5) әлеуметтік мәні бар аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар адамдар;

      6) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар;

      7) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездікке ұшыраған адамдар;

      8) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      9) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар;

      10) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

      11) табиғи зілзаланың немесе өрттін салдарынан зиян алған адамдар;

      12) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар);

      7. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленсін.

      8. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 70 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 29.10.2014 № 27-5-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

      1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан – басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларға – 35,1 айлық есептік көрсеткіш;

      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:

      - "Алтын алқа" алқасымен, І мен ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға – 5,4 айлық есептік көрсеткіш;

      - "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға – 5,4 айлық есептік көрсеткіш;

      - төрт және одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға – 5,4 айлық есептік көрсеткіш;

      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір – 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға – 35,1 айлық есептік көрсеткіш;

      4) Жеңіс күні – 9 мамыр:

      - Ұлы Отан Соғыс қатысушылары мен мүгедектері – 59,4 айлық есептік көрсеткіш;

      - Майданда болуына байланысты, сонымен қатар Ауғаныстанда немесе әскери істер жүргізіліп жатқан басқа мемлекеттерде, бұрынғы КСР Одағың қорғау салдарынан жарақат, зақым алып мүгедек болып қалған жауынгерлер - 35,1 айлық есептік көрсеткіш;

      - қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 35,1 айлық есептік көрстекіш;

      - Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектердің әйелдеріне - 3,24 айлық есептік көрсеткіш;

      - екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына –35,1 айлық есептік көрсеткіш;

      - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталғандарға - 2,7 айлық есептік көрсеткіш;

      - Ұлы Отан Соғыс жылдарында 1941 жылдын 21 мауысымнан 1945 жылдын 9 мамырына дейін 6 ай жұмыс істеген (қызмет жүргізген) азаматтарға - 2,16 айлық есептік көрсеткіш;

      - Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 13 айлық есептік көрсеткіш;

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 29.10.2014 № 27-5-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      10. Атаулы күндер мен мейрам күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей, уәкiлеттi ұйымның ұсынымы бойынша Бородулиха ауданының әкімдігі бекітетін тізімдер бойынша көрсетіледі.

      11. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына" 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;

      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.

      12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына" 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға жібереді.

      15. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      16. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      17. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      19. Уәкiлеттi орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтiнiш берушiнiң құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 15 және 16 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кенттік, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      20. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      21. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.

      22. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен тартқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      23. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның жергілікті бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      24. Әлеуметтік көмек келесі жағдайда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Бородулиха ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Рсепубликасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіпте қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

Решение Бородулихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27 марта 2014 года № 21-8-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 29 апреля 2014 года № 3280. Утратило силу - решением Бородулихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27 июня 2017 года № 12-7-VI

      Сноска. Утратило силу – решением Бородулихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.06.2017 № 12-7-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Бородулихинский районный маслихат Восточно-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      2. Признать утратившими силу:

      1) решение Бородулихинского районного маслихата от 13 июля 2012 года № 6-4-V "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Бородулихинского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 2618, опубликовано в районной газете "Пульс района" от 3 августа 2012 года № 65 (6575), "Аудан тынысы" от 3 августа 2012 года № 65 (256));

      2) решение Бородулихинского районного маслихата от 28 июня 2013 года № 15-6-V "О внесении изменений в решение от 13 июля 2012 года № 6-4-V "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Бородулихинского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 3000, опубликовано в районной газете "Пульс района" от 2 августа 2013 года № 64 (6683), "Аудан тынысы" от 2 августа 2013 года № 64 (364)).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Р. Бергенев
      Секретарь районного маслихата У. Майжанов

  Утверждены
решением Бородулихинского
районного маслихата
от 27 марта 2014 года № 21-8-V

      Сноска. Внесены изменения в Правила на государственном языке, на русском языке не изменяются в соответствии с решением Бородулихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 29.10.2014 № 27-5-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

Правила
оказания социальной помощи, установления размеров и определения
перечня отдельных категорий нуждающихся граждан
1. Общие положения

      1. Основные термины и понятия, которые используются в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан:

      1) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Бородулихинского района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Восточно-Казахстанской области;

      4) праздничные дни - дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      7) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Бородулихинского района", финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи;

      8) уполномоченная организация – Бородулихинское районное отделение Восточно-Казахстанского областного филиала Республиканского государственного казенного предприятия "Государственный центр по выплате пенсий Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан";

      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Бородулихинского района для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      2. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом Бородулихинского района (далее МИО) в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      3. Настоящие Правила распространяются на лиц, зарегистрированных на территории Бородулихинского района.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно один раз в год.

      5. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых акиматом Восточно-Казахстанской области

2. Порядок определения перечня категорий получателей
социальной помощи, установления размеров социальной помощи и
порога среднедушевого дохода

      6. Перечень категорий получателей социальной помощи:

      1) дети сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;

      2) безнадзорные несовершеннолетние, в том числе с девиантным поведением;

      3) дети от рождения до трех лет с ограниченными возможностями раннего психофизического развития;

      4) лица, со стойкими нарушениями функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями;

      5) лица, имеющие социально значимые заболевания и заболевания, представляющие опасность для окружающих;

      6) лица неспособные к самообслуживанию, в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и (или) инвалидностью;

      7) лица, подвергшиеся жестокому обращению, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации;

      8) бездомные (лица без определенного места жительства);

      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы;

      10) лица, находящиеся на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции;

      11) лица, получившие ущерб вследствие стихийного бедствия или пожара;

      12) лица (семьи) со среднедушевым доходом семьи, за квартал, предшествующий кварталу обращению, не превышающим установленного порога;

      7. Установить порог среднедушевого дохода лица (семьи) в размере двухкратной величины прожиточного минимума.

      8. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключение о необходимости оказания социальной помощи. Предельный размер социальной помощи составляет 70 месячных расчетных показателей.

      9. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням определяется следующим категориям граждан:

      1) День вывода войск с территории Афганистана, день памяти воинов-интернационалистов – 15 февраля – участникам боевых действий на территории других государств – 35,1 месячных расчетных показателей;

      2) Международный женский день – 8 марта:

      - многодетным матерям, награжденным подвеской "Алтын алқа", орденами "Материнская слава" I и II степени или ранее получившим звание "Мать-героиня" – 5,4 месячных расчетных показателя;

      - многодетным матерям, награжденным подвеской "Күміс алқа" – 5,4 месячных расчетных показателя;

      - многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей – 5,4 месячных расчетных показателей;

      3) Международный день Памяти жертв радиационных аварий и катастроф – 26 апреля – лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях и учениях – 35,1 месячных расчетных показателя;

      4) День Победы – 9 мая:

      инвалидам и участникам Великой Отечественной войны – 59,4 месячных расчетных показателя;

      - военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, при исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – 35,1 месячных расчетных показателя;

      - вдовам воинов погибших (умерших, пропавших без вести) в годы Великой Отечественной войны, не вступивших в повторный брак – 35,1 месячных расчетных показателя;

      - жены, умерших инвалидов войны - 3,24 месячных расчетных показателя;

      - бывшие несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны – 35,1 месячных расчетных показателя;

      - награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 2,7 месячных расчетных показателя;

      - лицам, проработавшим (прослужившим) не менее 6 месяцев в годы Великой Отечественной войны с 21 июня 1941 года по 9 мая 1945 года – 2,16 месячных расчетных показателя;

      - лицам по льготам и гарантиям, приравненным к инвалидам Великой Отечественной войны – 13 месячных расчетных показателя.

3. Порядок оказания социальной помощи

      10. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается, по спискам, утверждаемым акиматом Бородулихинского района по представлению уполномоченной организации без истребования заявлений от получателей.

      11. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи представляет в уполномоченный орган заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к "Типовым Правилам оказания социальной помощи, установлению размеров и определения перечня категорий, нуждающихся граждан" утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      Лицам (семьям), находящимся в трудной жизненной ситуации, вследствие стихийного бедствия и пожара, заявление подается в течение трех месяцев со дня наступления события.

      12. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      13. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      14. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к "Типовым Правилам оказания социальной помощи, установлению размеров и определения перечня категорий, нуждающихся граждан" утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа.

      Аким поселка, села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      15. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      16. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      17. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      18. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      19. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 15 и 16 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима поселка, села, сельского округа.

      20. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      21. По одному из установленных оснований социальная помощь в течение одного календарного года повторно не оказывается.

      22. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного порога для оказания социальной помощи.

      23. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных местным бюджетом на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой
социальной помощи

      24. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Бородулихинского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      25. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      26. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".