Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 21-8-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттардың тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қазандағы № 27-5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада № 3556 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 27.06.2017 № 12-7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 21-8-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттардың тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 29 сәуірдегі 3280 нөмірімен тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2014 жылғы 9 мамырдағы № 35, "Пульс района" газетінің 2014 жылғы 9 мамырдағы № 36 сандарында жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі Қағидаға өзгерістер енгізілді, орыс тілдегі Қағида өзгермейді.

      Қағиданың 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік көмек біржолғы және бір рет көрсетіледі.".

      Қағиданың 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 70 айлық есептік көрсеткішті құрайды.".

      Қағиданың 9-тармағы 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан – басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларға – 35,1 айлық есептік көрсеткіш.";

      Қағиданың 9-тармағы 4) тармақшасының 2 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "- Майданда болуына байланысты, сонымен қатар Ауғаныстанда немесе әскери істер жүргізіліп жатқан басқа мемлекеттерде, бұрынғы КСР Одағың қорғау салдарынан жарақат, зақым алып мүгедек болып қалған жауынгерлер - 35,1 айлық есептік көрсеткіш;";

      Қағиданың 9-тармағы 4) тармақшасының 3 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "- қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 35,1 айлық есептік көрстекіш;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы C. Быков
      Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады