РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңының 1-бабы 34-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгертулер енгізілсін:
"Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 711, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2966 тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 53 (6675); "Аудан тынысы" газетінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 53 (353)) жарияланған қаулысының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасы негізінде Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
"Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 807, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-118 тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 66 (6386), "Аудан тынысы" газетінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 65 (65)) жарияланған қаулысының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасы негізінде, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Лазуринге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Г. Акулов |