Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 711 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 мамырда № 2966 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 15.02.2016 № 18 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасы негізінде Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 27.03.2014 № 74 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлесін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Акулов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады