Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 74 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 мамырда № 3286 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 172 қаулысымен

      Ескерту. Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 23.09.2016 № 172 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңының 1-бабы 34-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгертулер енгізілсін:
      "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 711, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2966 тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 53 (6675); "Аудан тынысы" газетінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 53 (353)) жарияланған қаулысының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасы негізінде Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
      "Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 807, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-118 тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 66 (6386), "Аудан тынысы" газетінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 65 (65)) жарияланған қаулысының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасы негізінде, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Лазуринге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Акулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады