Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-6 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі N 18-7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 тамызда N 3458 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 ақпандағы № 34/6-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 28.02.2019 № 34/6-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Күршім аудандық мәслихатының "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3298 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 4 маусымда № 42 "Рауан" және "Заря" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақта:

      екінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, ветеринария және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек 10 400 (он мың төрт жүз) теңге көлемінде берілсін.";

      үшінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген көлемінде беріледі.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Қ. Тюстюкпаев

Күршім аудандық


мәслихатының хатшысы

Қ. Әбілмәжінов


О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата от 18 апреля 2014 года № 17-6 "О предоставлении социальной помощи на прибретение топлива специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах"

Решение Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 22 июля 2014 года N 18-7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 18 августа 2014 года № 3458. Утратило силу решением Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28 февраля 2019 года № 34/6-VI

      Сноска. Утратило силу решением Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28.02.2019 № 34/6-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Курчумский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Курчумского районного маслихата от 18 апреля 2014 года № 17-6 "О предоставлении социальной помощи на прибретение топлива специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 3298, опубликовано 4 июня 2014 года в районных газетах "Рауан" и "Заря" № 42) следующие изменения:

      в пункте 1:

      абзац второй изложить в следующей редакции:

      "Социальная помощь на прибретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры, ветеринарии и спорта предоставляется в размере 10 400 (десять тысяч четыресто) тенге.";

      абзац третий изложить в следующей редакции:

      "Социальная помощь на прибретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения предоставляется в размере, установленном решением Восточно-Казахстанского областного маслихата.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

К. Тюстюкпаев

Секретарь Курчумского


районного маслихата

К. Абилмажинов