Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 28.02.2019 № 34/6-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күршім аудандық мәслихатының "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3298 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 4 маусымда № 42 "Рауан" және "Заря" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
екінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, ветеринария және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек 10 400 (он мың төрт жүз) теңге көлемінде берілсін.";
үшінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген көлемінде беріледі.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Тюстюкпаев |
Күршім аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Әбілмәжінов |