РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 231 ұсынысына сәйкес, Құйған ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Күршім ауданының Құйған ауылдық округінің Құйған ауылында ірі қара малдың арасынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Құйған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – мал дәрігері С.Кітапбайға осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Құйған ауылдық | |
округінің әкімі | М. Кусаинов |