Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 199 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 желтоқсанда № 9948 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2014 жылғы 22 қазандағы
  № 199 қаулысымен
  бекітілген


Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидалары

      Осы Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 25) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына, Халықаралық сауда палатасы қабылдаған Құжаттамалық аккредитив бойынша біріздендірілген дәстүрлерге және қағидаларға (Іnternatіonal Chamber of Commerce, UCP Publіcatіon № 600) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы банктерінің (бұдан әрі – банктер) құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Құжаттамалық аккредитив (бұдан әрі - аккредитив) – банк клиенттің өтініші мен нұсқаулығына сәйкес қабылдаған немесе өз қалауы бойынша белгілі бір бенефициарға төлем жасауы немесе оның бұйрығы бойынша акцепт жасауы және бенифициар ұсынған аударым вексельдеріне (тратт) төлем жасауы немесе егер аккредитивтің барлық шарттары сақталмаса, белгіленген мерзіміне қарай аккредитивте көзделген құжаттарды саудалау (негоцияция) жөнінде банктің қайтарып алынбайтын міндеттемесі көзделген құжаттамалық есеп айырысу нысаны.

      Аккредитив деп сатып алу-сату шартынан немесе басқа да шарттан ерекшеленген, соларға негізделетін мәмілені айтады.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) авизо жасаушы банк – бенефициарға эмитент банк өз тарапынан міндеттеме алмай-ақ аккредитивті және/немесе оған өзгерісті беруге уәкілеттік берген банк;

      2) аккредитивке бұйрық беруші (бұдан әрі – бұйрық беруші) – қызмет көрсететін банкке (эмитент банкке) аккредитив ашуға өтініш беретін адам;

      3) бенефициар – пайдасына аккредитив ашылатын заңды немесе жеке тұлға;

      4) негоциация – орындаушы банктен өзге банкке ұсынылған аударым вексельдерін (тратты) және (немесе) құжаттарды орындаушы банктің аванстау немесе бенефициарға банк күні ақшаны аванстауға келісім беру жолымен сатып алуы, ол күні немесе ол басталғанға дейін орындаушы банкке өтем берілуге тиіс;

      5) орындаушы банк - эмитент банк құжаттарды қабылдауға, тексеруге және оның талаптарына сәйкес аккредитивтерді орындауға уәкілеттік берген банк немесе егер аккредитивтің орындалуы кез келген банкте көзделген жағдайда кез келген банк;

      6) өтем жасалған аккредитив - ашылған кезде бұйрық беруші эмитент банктің басқаруына аккредитив сомасына тең ақша сомасын (өтемді) осы ақшаны аккредитив бойынша төлеу үшін пайдалануға болатын шартпен аккредитивтің қолданылу мерзіміне берілетін аккредитив;

      7) расталған аккредитив - эмитент банктің аккредитив бойынша төлем міндеттемесін орындауды жүзеге асыру міндеттемесіне қосымша немесе тиісінше ресімделген негоциацияны растайтын банктің міндеттемесі;

      8) растаушы банк – эмитент банктің талаптарына сәйкес оның міндеттемесіне қосымша аккредитивтерді орындау жөнінде міндеттеме қабылдайтын банк;

      9) трансферабель аккредитиві – аударымды болып табылатындығы және бірінші бенефициардың нұсқауы бойынша бір немесе бірнеше бенефициардың пайдасына (аударуды) оны толық немесе ішінара пайдалану мүмкіндігін көздейтіндігі көрсетілген аккредитив;

      10) эмитент банк - аккредитивке бұйрық берушінің өтінішіне сәйкес аккредитив ашатын және оның талаптарына сәйкес аккредитивті орындау жөніндегі міндеттемені атқарушы банк.

      3. Осы Қағидалармен реттелмейтін қатынастар Халықаралық сауда палатасының құжаттамалық аккредитиві бойынша біріздендірілген дәстүрлерімен және қағидаларымен (International Chamber of Commerce, UCP Publication № 600), тараптар арасында жасалған шарттармен (бар болса), аккредитив ашуға арналған өтініштердің талаптарымен және банк тәжірибесінде қолданылатын іскерлік айналым дәстүрлермен реттеледі.

2-тарау. Аккредитивті ашу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Банк қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның аккредитив ашу (ұсыну) және растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау бойынша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясы бар болса ғана аккредитив ашуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Аккредитив ашу үшін (Ұлттық Банкте аккредитивтер ашуды қоспағанда) бұйрық беруші қызмет көрсететін банкке (эмитент банкке) банктің (эмитент банктің) iшкi құжаттарында көзделген құжаттарды, сондай-ақ аккредитив ашуға арналған өтінішті ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 257 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5-1. Ұлттық Банк аккредитив ашуы үшін бұйрық беруші Ұлттық Банкке құжаттамалық аккредитивті қолдана отырып есеп айырысу нысанын пайдалануды көздейтін шарттың көшірмесімен қоса ашуға арналған еркін нысандағы өтінішті береді.

      Ескерту. 2-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Аккредитив ашуға арналған өтініште мыналар болуға тиiс:

      1) бұйрық берушiнiң аты-жөні және мекенжайы;

      2) бенефициардың атауы және мекенжайы, оның банктiк деректемелерi;

      3) авизо жасаушы банктiң атауы;

      4) аккредитивтiң түрi;

      5) аккредитив сомасы;

      6) аккредитивтiң орындалу тәсілдері;

      7) банктің аккредитивтің орындалуға жататындығы немесе оның кез келген банкте орындалуға жататындығы туралы нұсқауы;

      8) тауардың немесе қызметтің атауы;

      9) аккредитивтердiң орындалуына қайшы келетiн құжаттардың тiзбесi;

      10) аккредитивтiң орындалу мерзiмi, тиеу мерзiмi (қажет болған жағдайда), құжаттар беру мерзiмi;

      11) аккредитив бойынша банк шығыстарының орнын толтыратын тараптардың атауы.

      7. Банк (эмитент банк) аккредитив ашу мерзімін белгілейді. Бұл ретте өтелген аккредитивті ашу үшін мерзім 3 (үш) жұмыс күнінен, өтелмеген аккредитив үшін – 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайды. Банк (эмитент банк) аккредитивті ашу мерзімін клиент Қағидалардың 5-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап есептейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 257 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Электрондық хабар алмасу туралы шарт болған кезде бұйрық беруші аккредитив ашуға арналған өтінішті эмитент банкке электрондық тәсілмен, оны қағаз тасымалдауышта растамай-ақ, электрондық құжаттар алмасудың тиісті жүйелерін пайдалана отырып бере алады.

      9. Банк алынған өтініштің негізінде авизо жасаушы немесе орындаушы банкке тікелей, не басқа банк арқылы беру үшін аккредитивті ресімдейді.

      10. Аккредитивте оны орындау тәсілі көрсетіледі – ұсыну бойынша төлем жасау, мерзімін ұзартып төлем жасау, аударым вексельдерiнiң (тратт) акцептi немесе негоциация не аралас төлем жасау.

      11. Банктерде ашылған және орындалатын аккредитив сомасы қазақстандық теңгемен немесе шетел валютасымен көрсетiледi.

3-тарау. Аккредитивті орындау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Банктердің құжаттарды тексеру тәртібі мен мерзімдері, аккредитивті аудару банк тәжірибесінде пайдаланылатын халықаралық стандарттарға және Халықаралық сауда палатасында қабылданған құжаттамалық аккредитиві бойынша біріздендірілген дәстүрлеріне және қағидаларына (International Chamber of Commerce, UCP Publication № 600) сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Эмитент банкте немесе орындаушы банкте аккредитивте көзделген тиісінше ресімделген құжаттар болған кезде, сондай-ақ аккредитивтің барлық талаптары сақталған кезде эмитент банк аккредитивті мынадай жолмен:

      1) ұсыну бойынша төлем жасау, мерзімін ұзартып төлем жасау немесе эмитент банктің акцепті;

      2) егер орындаушы банк төлемесе, орындаушы банкке ұсыну бойынша төлем жасау;

      3) егер орындаушы банк мерзімін ұзартып төлем жасау міндеттемесін өзіне қабылдамаса, не мерзімін ұзартып төлем жасау міндеттемесін өзіне қабылдай отырып, мерзімі келген кезде төлемесе, мерзімін ұзартып төлем жасау;

      4) егер орындаушы банк оған қойылған аударым векселін (тратты) акцептемесе, немесе оған қойылған аударым векселін (тратты) акцепттеп, мерзімі келген кезде төлемесе, акцепт арқылы;

      5) егер орындаушы банк негоциацияны жүзеге асырамаса, негоциация арқылы орындайды.

      14. Аккредитивтерді орындау мақсатында жүзеге асырылатын төлемдер тек қолма-қол ақшасыз жасалатын тәртіппен ғана жүргізіледі.

      15. Бенефициардың пайдасына төлемді жүзеге асыру кезінде эмитент банк (орындаушы банк) аккредитив сомасына төлем құжатын қалыптастырады, оның орындалуы "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабында, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларының 3-тарауында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларының 10-тармағында белгіленген тәртіппен және талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Аккредитив пен кез келген өзгеріс авизо жасаушы банк арқылы бенефициарға авизо жасалуы мүмкін. Растаушы банк болып табылмайтын авизо жасаушы банк аккредитивті және кез келген өзгерісті міндеттемені орындау немесе негоциация жасау міндеттемесінсіз авизо жасайды.

      17. Аккредитивті авизо жасау үшін авизо жасаушы банктің немесе екінші авизо жасаушы банктің қызметтерін пайдаланған банк кез келген өзгерісті авизо жасау үшін сол банкті пайдалануы тиіс.

      18. Бенефициардың аударым вексельдерін (тратталарын) акцептеу немесе негоциациясы аккредитив талаптарына қарай "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13071 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 261 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Банктердің даулы ахуалдарды шешу кезіндегі іс-әрекеті

      Ескерту. 4-тарау алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2014 жылғы 22 қазандағы
  № 199 қаулысына
  қосымша

Күші жойылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1150 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгерісті бекіту туралы" 2001 жылғы 3 қыркүйектегі № 316 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1655 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 138 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1860 тіркелген, 2002 жылғы Қазақстан Республикасының орталық, атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің № 29, 635-құжатта жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысына қосымшаның 6-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3993 тіркелген).

Об утверждении Правил проведения операций с документарными аккредитивами банками Республики Казахстан

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 октября 2014 года № 199. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 декабря 2014 года № 9948.

      В соответствии с подпунктом 25) части второй статьи 15 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.02.2024 № 10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения операций с документарными

      аккредитивами банками Республики Казахстан.

      2. Признать утратившими силу некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


Председатель


Национального Банка




  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 22 октября 2014 года №199

Правила
проведения операций с документарными аккредитивами банками Республики Казахстан

      Настоящие Правила проведения операций с документарными аккредитивами банками Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 25) части второй статьи 15 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан", подпунктом 14) пункта 2 статьи 30 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", Унифицированными обычаями и правилами по документарному аккредитиву, принятыми Международной торговой палатой (International Chamber of Commerce, UCP Publication № 600), и определяют порядок проведения операций с документарными аккредитивами банками Республики Казахстан (далее – банки).

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.11.2021 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Документарный аккредитив (далее - аккредитив) – форма документарных расчетов, предусматривающая безотзывное обязательство банка, принятое им по заявлению и в соответствии с инструкциями клиента или по собственному усмотрению, произвести платеж указанному бенефициару или по его указанию, или акцепт и оплату переводных векселей (тратт), выставленных бенефициаром, или негоциацию против предусмотренных аккредитивом документов к установленному сроку, если соблюдены все условия аккредитива.

      Аккредитив представляет собой сделку, обособленную от договора купли-продажи или иного договора, на котором он может быть основан.

      2. В Правилах используются следующие понятия:

      1) авизующий банк - банк, уполномоченный банком-эмитентом на передачу бенефициару аккредитива и/или изменений к нему, без обязательств с его стороны;

      2) приказодатель аккредитива (далее - приказодатель) - лицо, представляющее в обслуживающий его банк (банк-эмитент) заявление на открытие аккредитива;

      3) бенефициар - юридическое или физическое лицо, в пользу которого открывается аккредитив;

      4) негоциация – покупка исполняющим банком переводных векселей (тратты), выставленных на банк иной, чем исполняющий банк и (или) документов путем авансирования или представления согласия авансировать деньги бенефициару в банковский день (или до его наступления), в который исполняющему банку должно быть представлено возмещение;

      5) исполняющий банк - банк, уполномоченный банком-эмитентом принять, проверить документы и исполнить аккредитив в соответствии с его условиями, или любой банк в случае, если аккредитив предусматривает исполнение в любом банке;

      6) покрытый аккредитив - аккредитив, при открытии которого приказодатель предоставляет в распоряжение банка-эмитента сумму денег (покрытие), равную сумме аккредитива, на срок действия аккредитива с условием возможного использования этих денег для выплат по аккредитиву;

      7) подтвержденный аккредитив - обязательство подтверждающего банка в дополнение к обязательству банка-эмитента осуществить по аккредитиву выполнение платежного обязательства или негоциацию надлежаще оформленного представления;

      8) подтверждающий банк - банк, принимающий на себя обязательство в дополнение к обязательству банка-эмитента по исполнению аккредитива в соответствии с его условиями;

      9) трансферабельный аккредитив - аккредитив, в котором указано, что он является переводным и предусматривающий возможность его исполнения полностью или частично по указанию первого бенефициара в пользу одного или нескольких вторых бенефициаров (переводной);

      10) банк-эмитент – банк, открывающий аккредитив в соответствии с заявлением приказодателя аккредитива и несущий обязательство по исполнению аккредитива в соответствии с его условиями.

      3. Отношения, не урегулированные Правилами, регулируются унифицированными обычаями и правилами по документарному аккредитиву, принятыми Международной торговой палатой (International Chamber of Commerce, UCP Publication № 600), договорами (при наличии), заключенными между сторонами, условиями заявлений на открытие аккредитива и обычаями делового оборота, применимыми в банковской практике.

Глава 2. Порядок открытия аккредитива

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Открытие аккредитива банком осуществляется при наличии у него лицензии уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций на проведение банковских и иных операций по открытию (выставлению) и подтверждению аккредитива и исполнению обязательств по нему.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.11.2021 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Для открытия аккредитива (за исключением открытия аккредитива Национальным Банком) приказодатель представляет в обслуживающий его банк (банк-эмитент) документы, предусмотренные внутренними документами банка (банка - эмитента), а также заявление на открытие аккредитива.

      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 257 (вводится в действие с 01.01.2019).

      5-1. Для открытия аккредитива Национальным Банком приказодатель представляет в Национальный Банк заявление на его открытие в произвольной форме с приложением копии договора, предусматривающего использование формы расчета с применением документарного аккредитива.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 5-1 в соответствии с постановлением Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Заявление на открытие аккредитива содержит:

      1) наименование и место нахождения приказодателя;

      2) наименование и место нахождения бенефициара, его банковские реквизиты;

      3) наименование авизующего банка;

      4) вид аккредитива;

      5) сумма аккредитива;

      6) способ исполнения аккредитива;

      7) указание банка, в котором аккредитив подлежит исполнению, или то, что он подлежит исполнению в любом банке;

      8) наименование товара или услуги;

      9) перечень документов либо условия, против которых должно производиться исполнение аккредитива;

      10) срок действия аккредитива, срок отгрузки (при необходимости), срок представления документов;

      11) наименование стороны, покрывающей банковские расходы по аккредитиву.

      7. Срок для открытия аккредитива устанавливается банком (банком -эмитентом). При этом для открытия покрытого аккредитива срок не превышает 3 (трех) рабочих дней, для непокрытого аккредитива - не более 20 (двадцати) рабочих дней. Срок открытия аккредитива исчисляется банком (банком-эмитентом) со дня представления клиентом полного пакета документов согласно пункту 5 Правил.

      Сноска. Пункт 7 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 257 (вводится в действие с 01.01.2019).

      8. При наличии договора об обмене электронными сообщениями заявление на открытие аккредитива передается приказодателем банку-эмитенту электронным способом с использованием соответствующих систем обмена электронными документами без подтверждения его на бумажном носителе.

      9. Банк на основании полученного заявления оформляет аккредитив для передачи его в авизующий или исполняющий банк напрямую либо через другой банк.

      10. В аккредитиве указывается способ его исполнения - платеж по предъявлении, платеж с отсрочкой, акцепт переводных векселей (тратт) или негоциация, либо смешанным платежом.

      11. Сумма аккредитива, открытого и исполняемого банками, указывается в казахстанском тенге или иностранной валюте.

Глава 3. Исполнение аккредитива

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Порядок и сроки проверки документов банками, перевод аккредитива осуществляются в соответствии с международными стандартами, используемыми в банковской практике, и унифицированными обычаями и правилами по документарному аккредитиву, принятыми Международной торговой палатой (International Chamber of Commerce, UCP Publication № 600).

      13. При наличии надлежаще оформленных документов, предусмотренных аккредитивом в банке – эмитенте или в исполняющем банке, а также при соблюдении всех условий аккредитива банк-эмитент исполняет аккредитив путем:

      1) платежа по предъявлению, платежа с отсрочкой или акцепта банка-эмитента;

      2) платежа по предъявлению в исполняющий банк, если исполняющий банк не платит;

      3) платежа с отсрочкой, если исполняющий банк не принимает на себя обязательство произвести платеж с отсрочкой либо, приняв на себя обязательство произвести платеж с отсрочкой, не платит по наступлении срока;

      4) акцепта, если исполняющий банк не акцептует переводной вексель (тратту), выставленную на него, или, акцептовав переводной вексель (тратту), выставленную на него, не платит при наступлении срока;

      5) негоциации, если исполняющий банк не осуществляет негоциацию.

      14. Платежи, осуществляемые в целях исполнения аккредитивов, производятся в безналичном порядке.

      15. При осуществлении платежа в пользу бенефициара банк-эмитент (исполняющий банк) формирует на сумму аккредитива платежный документ, исполнение которого производится в порядке и с соблюдением требований, установленных статьей 46 Закона Республики Казахстан "О платежах и платежных системах", пунктом 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О валютном регулировании и валютном контроле", главой 3 Правил осуществления безналичных платежей и (или) переводов денег на территории Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 208, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14419, пунктом 10 Правил осуществления валютных операций в Республике Казахстан, утвержденных постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 марта 2019 года № 40, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18512.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.11.2021 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Аккредитив и любое изменение могут быть авизованы бенефициару через авизующий банк. Авизующий банк, не являющийся подтверждающим банком, авизует аккредитив и любое изменение без обязательства выполнить обязательство или негоциировать.

      17. Банк, воспользовавшийся услугами авизующего банка или второго авизующего банка для авизования аккредитива, использует тот же банк для авизования любого изменения.

      18. Акцепт или негоциация переводных векселей (тратт) бенефициара, в зависимости от условий аккредитива, производится в соответствии с Законом Республики Казахстан "О вексельном обращении в Республике Казахстан" и Правилами проведения операций с переводными и простыми векселями банками второго уровня, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 261, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13071.

      Сноска. Пункт 18 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.02.2024 № 10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

4. Действия банков при разрешении спорных ситуаций

      Сноска. Глава 4 исключена постановлением Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 22 октября 2014 года № 199

Перечень
некоторых постановлений Правления
Национального Банка Республики Казахстан, утративших силу

      1. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 апреля 2000 года № 178 "Об утверждении Правил проведения операций с документарными аккредитивами банками Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1150).

      2. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 сентября 2001 года № 316 "Об утверждении изменения в Правила проведения операций с документарными аккредитивами банками Республики Казахстан, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 апреля 2000 года № 178" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1655).

      3. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 апреля 2002 года № 138 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан "Об утверждении Правил проведения операций с документарными аккредитивами банками Республики Казахстан" от 25 апреля 2000 года № 178" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1860, опубликованное в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан в 2002 году № 29, ст. 635).

      4. Пункт 6 Приложения постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 ноября 2005 года № 147 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам, связанным с разделением функций между подразделениями Национального Банка Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3993).