Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгерісті бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бақсармасының қаулысы 2001 жылғы 3 қыркүйек N 316 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 19 қазан тіркелді. Тіркеу N 1655. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 199 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
                               ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N№178 V001150_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгеріс бекітілсін және Ережеге өзгеріс пен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін
      2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 V001150_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгерісті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгерісті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және филиалдарына жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
 

     Ұлттық Банк

      Төрағасы                                                  



                                             Қазақстан Республикасының



                                             Ұлттық Банкі Басқармасының

                                             2001 жылғы 3 қыркүйектегі

                                             N 316 қаулысымен

                                             бекітілген



 
 
           Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

 

         2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысымен бекітілген

            Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық

        аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгеріс


     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25

сәуірдегі N 178 


V001150_


  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы

банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне

мынадай өзгеріс енгізілсін:

     1. 4-тармақтағы "кепілдік операцияларын жүргізуге" деген сөздер

"аккредитивті ашуға (ұсынуға) және растауға және олар бойынша

міндеттемелерді орындауға" деген сөздермен ауыстырылсын.


     Ұлттық Банк

      Төрағасы   



      Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Қасымбеков Б.А.                                





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады