Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің кол жеткізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 наурызда № 10389 тіркелді

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.06.2016 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.06.2016 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2.  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті;
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мөрлік мерзімдік басылымда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    В. Школьник

Қазақстан Республикасы 
Энергетика Министрінің 
2016 жылғы 24 маусымдағы
№ 270 бұйрығымен     
бекітілген        

Мұнай берушілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын
және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге қол жеткізу
қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.06.2016 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мұнай берушілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қол жеткізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының мұнай 7-бабының 18-тармағына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мұнай берушілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қол жеткізу тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) мұнай беруші – осы Заңда белгіленген шарттармен өздері өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, импортталған немесе жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін жеке немесе заңды тұлға;
      2) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      3) қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші - жобалық қуаты жылына сегіз жүз мың тоннадан кем шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші;
      4) Осы қағидаларда пайдаланылатын өзге де 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Заңға сәйкес ұғымдар қолданылады.
      3. Мұнай өнімдерін өндірушілер өздерінің интернет-ресурстарында мұнай берушілер үшін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі қызметтер тізбесі, бағалар, алым ставкалары, өндірілетін мұнай өнімдерінің номенклатурасы туралы, сондай-ақ мұнай өңдеу үшін бос қуатының болуы, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі қызметіне жүргізуге берілген өтініштерді қабылдаудың басталуы туралы ақпаратты орналастырады.

2-тарау. Мұнай берушілердің шикі мұнайды және (немесе) газ
конденсатын өңдеуге қол жеткізу тәртібі

      4. Мұнай өнімдерін өндірушінің қызметтеріне қол жеткізу үшін мұнай беруші мұнай өнімдерін өндірушіге тапсырыс хатпен немесе қолма-қол шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөнінде қызмет көрсетуге өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді. Өтінішке осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген талаптардың сақталғанын растайтын құжаттар қоса беріледі.
      5. Мұнай өнімдерін өндіруші өтініш келіп түскен кезде оны өтініштерді тіркеу журналында тіркейді, ол нөмірленуі, тігілуі және мұнай өнімдерін өндірушінің мөрімен бекітілуі тиіс. Өтініштерді тіркеу журналында өтініштің келіп түскен күні мен уақыты, сондай-ақ оның тіркеу нөмірі жазылады.
      6. Мұнай беруші мұнай өнімдерін өндіруші өтініш көшірмесіне тіркеу нөмірі, күні және өтініштің келіп түскен уақыты көрсетілген тиісті бұрыштама қояды.
      7. Мұнай беруші мұнай өндірушінің мұнай және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі қызметтерінен бас тартқан жағдайда, мұнай өнімдерін өндіруші тиісті қызметтерді кезек бойынша келесі тұрған және өтініші тіркеу журналында тіркелген мұнай берушіге көрсетеді.
      8. Мұнай беруші өтініш ұсынған кезде мұнай өнімдерін өндіруші оған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер туралы, олардың құны, олардың өндірілетін мұнай өнімдерінің номенклатурасы туралы, олардың шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі қызметтерге қол жеткізу, олардың мұнай өнімдерін өндірушінің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі өндірістік қуатының шектелуі туралы хабарлайды.
      9. Заңның 4-бабының 1-тармақшасына сәйкес өтінішті қараған кезде мұнай өнімдерін өндіруші мұнай берушілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қол жеткізу кестесін ескереді. Мұнай өнімдерін өндірушінің бос қуаты болған жағдайда шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі қызметтер мұнай берушіге өтінішті тіркеу журналында көрсетілген кезекке сәйкес ұсынылады.
      10. Мұнай берушінің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі қызметтерді алуға арналған өтінішін мұнай өнімдерін өндіруші мәлімделген көлемге қарамастан тең жағдайда қабылдайды.
      11. Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруші бірдей қол жеткізу мүмкіндігін, соның ішінде мынадай талаптар сақталған жағдайда:
      1) мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін растайтын құжаттың болуы;
      2) мұнай берушіде берілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаттың (сапа паспортының) болуы тиіс.
      12. Мұнай берушінің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі қызметтерді алуға арналған өтінішін мұнай өнімдерін өндіруші өтініштерді тіркеу журналында тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Мұнай берушінің өтінішін қарау нәтижесі туралы мұнай өнімдерін өндіруші оған жазбаша нысанда хабарлайды.
      13. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге алған кезде күнтізбелік он күннің ішінде мұнай өнімдерін өндіруші аккредиттелген тәуелсіз зертханада тексеруді жүзеге асыруға және сапа көрсеткіштері бұрын мәлімдегендерге сәйкес келген кезде күнтізбелік он күннің ішінде шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуден бас тартуға болады.
      14. Мүдделі тұлғаның өтінімдерді қанағаттандырудан бас тартуға негіз болып оның осы Ереженің 11-тармағында өтініш берушінің қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.
      15. Мұнай өнімдерін өндіруші тарапынан күнтізбелік он күннің ішінде шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөнінде қызметтер көрсетуден бас тарту мұндай бае тарту себептерін негіздей отырып, жазбаша нысанда беріледі.

Об утверждении Правил доступа поставщиков нефти к переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 февраля 2015 года № 51. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 марта 2015 года № 10389

      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра энергетики РК от 24.06.2016 № 270 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 18) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 20 июля 2011 года «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила доступа поставщиков нефти к переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки.
      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра энергетики РК от 24.06.2016 № 270 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Департаменту развития нефтяной промышленности Министерства энергетики Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление на официальное опубликование настоящего приказа в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан в периодическом печатном издании и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Министр                                    В. Школьник

Утверждены         
приказом Министра энергетики 
Республики Казахстан    
от 2 февраля 2015 года № 51 

Правила
доступа поставщиков нефти к переработке сырой нефти
и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра энергетики РК от 24.06.2016 № 270 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила доступа поставщиков нефти к переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 18) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 20 июля 2011 года «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» (далее - Закон) и определяют порядок доступа поставщиков нефти к переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки.
      2. В настоящих Правилах применяются следующие понятия:
      1) поставщик нефти – физическое или юридическое лицо, поставляющее производителю нефтепродуктов, а также нефтеперерабатывающим заводам, расположенным за пределами Республики Казахстан, самостоятельно добытые, полученные Республикой Казахстан в качестве налогов, уплачиваемых в натуральной форме в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан, импортированные или приобретенные непосредственно у недропользователя сырую нефть и (или) газовый конденсат на условиях, установленных настоящим Законом;
      2) производитель нефтепродуктов – юридическое лицо, имеющее на праве собственности и (или) иных законных основаниях нефтеперерабатывающий завод и осуществляющее производство нефтепродуктов в соответствии с паспортом производства, а также реализацию произведенных собственных нефтепродуктов и (или) передачу нефтепродуктов, являющихся продуктом переработки давальческого сырья;
      3) производитель нефтепродуктов малой мощности - производитель нефтепродуктов, осуществляющий производство нефтепродуктов на технологических установках, проектная мощность которых предусматривает объем переработки сырой нефти и (или) газового конденсата менее восьмисот тысяч тонн в год.
      Иные понятия, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с Законом и Предпринимательским кодексом Республики Казахстан от 29 октября 2015 года.
      3. Производители нефтепродуктов размещают на своих интернет-ресурсах информацию о перечне услуг по переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки для поставщиков нефти, ценах, ставках сборах, номенклатуре производимых нефтепродуктов, а также информацию о наличии свободных мощностей для переработки нефти, либо информацию о начале приема заявлений на оказание услуг по переработке сырой нефти и (или) газового конденсата.

Глава 2. Порядок доступа поставщиков нефти к переработке
сырой нефти и (или) газового конденсата,
и (или) продуктов переработки

      4. Для получения доступа к услугам производителя нефтепродуктов поставщик нефти направляет производителю нефтепродуктов по почте заказным письмом или нарочно заявление на оказание услуг по переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки в письменной форме (далее - заявление). К заявлению прилагаются документы, подтверждающие соблюдение требований, указанных в пункте 11 настоящих Правил.
      5. Производитель нефтепродуктов при поступлении заявления регистрирует его в журнале регистрации заявлений, который пронумерован, прошнурован и скреплен печатью производителя нефтепродуктов. В журнале регистрации заявлений фиксируются дата и время поступления заявлений, а также его регистрационный номер.
      6. Производитель нефтепродуктов проставляет на копии заявления поставщика нефти соответствующий штамп с указанием регистрационного номера, даты и времени поступления заявления.
      7. В случае отказа поставщика нефти от услуг производителя нефтепродуктов по переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки производитель нефтепродуктов предоставляет соответствующие услуги следующему по очередности поставщику нефти, заявление которого зарегистрировано в журнале регистрации.
      8. При представлении поставщиком нефти заявления производитель нефтепродуктов информирует его об оказываемых услугах по переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки, об их стоимости, о номенклатуре производимых нефтепродуктов, о получении доступа к услугам по переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки, об ограничениях производственной мощности производителя нефтепродуктов по переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки.
      9. При рассмотрении заявления производитель нефтепродуктов учитывает график поставки сырой нефти и (или) газового конденсата, утвержденный уполномоченным органом в соответствии с подпунктом 1) статьи 4 Закона. При наличии свободной мощности у производителя нефтепродуктов услуги по переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки предоставляются поставщику нефти согласно очередности, указанной в журнале регистрации заявлений.
      10. Заявление поставщика нефти на получение услуг по переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки принимается производителем нефтепродуктов на равных условиях, независимо от заявленного объема.
      11. Производитель нефтепродуктов в соответствии с пунктом 5 статьи 18 Закона, должен обеспечить равный доступ поставщикам нефти при условии соблюдения следующих требований:
      1) наличие у поставщика нефти документа, подтверждающего происхождение приобретаемых (принимаемых) сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки;
      2) наличие у поставщика нефти документа, подтверждающего качество поставляемых сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки (паспорт качества).
      12. Заявление поставщика нефти на получение услуг по переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки рассматривается производителем нефтепродуктов в течение пяти рабочих дней с момента регистрации заявления в журнале регистрации заявлении. О результатах рассмотрения заявления поставщика нефти производитель нефтепродуктов информирует его в письменной форме.
      13. При получении сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки на переработку производитель нефтепродуктов в течении десяти календарных дней обследует нефть и (или) газовый конденсат, и (или) продуктов переработки в независимой аккредитованной лаборатории, и в течение десяти календарных дней при несоответствии качественных показателей ранее заявленным, отказывает в переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки.
      14. Основанием отказа в удовлетворении заявки от заинтересованного лица является несоответствие заявителя к требованиям, предусмотренным в пункте 11 настоящих Правил.
      15. Отказ со стороны производителя нефтепродуктов на предоставление услуг по переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, и (или) продуктов переработки предоставляется в течение десяти календарных дней в письменной форме с обоснованием причин такого отказа.