Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10597 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген соң күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануга жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

      министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан

      Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономикалық министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 144 бұйрығымен бекітілген

Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалар (бұдан әрі - Қағидалары) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - жергілікті орган) қызметіне сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының (бұдан әрі - уәкілетті орган) бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      3. Уәкілетті мемлекеттік орган жергілікті органдардың қызметін бақылауды және қадағалауды мынадай жолдармен жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге бару;

      2) ішінара тексеру - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру;

      3) жоспардан тыс тексеру - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру.

      4. Уәкілетті мемлекеттік органның жергілікті органдардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың мақсаты сапалы құрылысты, адамның өмір сүру және тіршілік етуіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін шарттарды қамтамасыз ету болып табылады.

      5. Құрылыс объектілері бойынша уәкілетті органның тексеруі жергілікті органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларға жүктелген функцияларды тиісінше орындауын белгілеу болып табылады.

      6. Жергілікті органдардың қызметіне бақылау мен қадағалауды лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) - уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторы (мемлекеттік құрылыс инспекторлары) жүзеге асырады.

2. Ішінара және жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі

      7. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен ресімделген уәкілетті органның тексеруді тағайындау туралы актісі (бұдан әрі – акт) ішінара және жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.06.2016 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Бақылау және қадағалау органының тексеруді тағайындау туралы актісі тексерулер басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеледі.

      9. Актіде:

      1) актінің нөмірі мен күні;

      2) уәкілетті органның атауы;

      3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы;

      4) тексерулер жүргізуге тартылған мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;

      5) тексеру жүргізу тағайындалған жергілікті органның атауы және орналасқан жері, оның басшысының тегі, аты, әкесінің аты, сәйкестендіру нөмірі, аумақтағы учаске;

      6) тағайындалған тексерудің нысанасы;

      7) тексеру жүргізу мерзімі;

      8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;

      9) тексерілетін кезең;

      10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 155-бабында көзделген тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;

      11) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және уәкілетті органның мөрі көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.06.2016 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге:

      1) тексерудің нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынымдардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;

      2) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру қатерінің туындауы туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;

      5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;

      6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;

      7) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алу мақсатында тексерілетін субъектінің азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшінші тұлғаларға қатысты жүргізілетін қарсы тексеру;

      8) тексерілетін субъектінің бастапқы тексеруге келіспейтіні туралы өтінішіне байланысты қайта тексеру;

      9) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы негіз болып табылады.

      11. Жергілікті органға акт берілген сәттен бастап тексеруді жүргізу басталды деп есептеледі.

      12. Уәкілетті орган тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын ішінара тексерудің басталғаны туралы тексерілетін субъектіні жазбаша түрде хабардар етеді.

      Жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган тексеру жүргізу нысанын көрсете отырып, тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы жергілікті органды хабардар етеді.

      13. Жергілікті органдарды тексерулердің нәтижелерi бойынша тексеру нәтижелерi туралы екi данада акт ресімделеді.

      Тексеру нәтижелерi туралы актiде:

      1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;

      2) уәкілетті органның атауы;

      3) оның негізінде тексеру жүргізілген, тексеруді тағайындау туралы актінің жасалған күні мен оның нөмірі;

      4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы;

      6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;

      7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;

      8) тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;

      9) тексерiлетiн субъект өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамдардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;

      10) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетiледi.

      Тексерудiң нәтижелерi туралы актiге өнiм үлгiлерiн (сынамаларын) iрiктеу, қоршаған орта объектiлерiн зерттеп-қарау туралы актiлер, жүргiзiлген зерттеулердiң (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерiмен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшiрмелерi болған кезде олар қоса берiледi.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.06.2016 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жергілікті органға тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы актінің тапсырылған күні тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге бару тәртібі

      15. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге баруына байланысты қадағалауды және бақылауды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 140-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.06.2016 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге баруы уәкілетті орган басшысының (оның міндетін атқарушы адамның немесе осындай шешім қабылдауға құқығы бар адамның) шешімі бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.06.2016 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Уәкілетті орган басшысының (не оның міндетін атқаратын адам немесе осындай шешім қабылдауға құқығы бар адам) шешімі бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде интернет ресурстар ақпаратының, жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан жедел ден қоюды талап ететін ақпараттар мен өтініштер алудың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары сауалдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі тапсырмаларының негізінде, сондай-ақ уәкілетті орган жүргізген мониторинг және талдау бойынша қабылданады.

      18. Уәкілетті орган объектіге бару үшін мүдделі жергілікті органдарға жүргізілуі белгіленген тексеру (бару) туралы почта, факс немесе электрондық байланыс арқылы қосымшаға сәйкес хабарлама береді.

      19. Уәкілетті органның лауазымды тұлға объектіге барған кезде мынадай іс-қимылды жүзеге асырады:

      1) орындалған жұмыстар мен қолданылған құрылыс материалдары (бұйымдар) бойынша объектіге көзбен көріп бақылау жүргізеді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектінің құжаттамасын қарайды.

      20. Тексеру жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды тұлғасына құрылысқа қатысушыға тексеруге қатысы жоқ талаптар мен өтініш жасауға жол берілмейді.

      21. Құрылысқа қатысушылар уәкілетті органның лауазымды тұлғасының объектіге кіруін қамтамасыз етеді және жергілікті органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларға жүктелген функцияларды тиісінше орындауын белгілеуге көмек көрсетеді.

      22. Тексерудің нәтижелері бойынша уәкілетті органның лауазымды тұлғасы объектіге бару анықтамасын жасайды, ол жұмысы тексерілген жергілікті органға беріледі, сондай-ақ объектіге бару туралы акт ресімделеді.

      23. Объектіге бару анықтамасында:

      1) бақылау және қадағалау органның атауы;

      2) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы;

      3) жергілікті органның атауы, тексеру жүргізуге қатысқан жергілікті орган өкілінің лауазымы;

      4) объектіге бару анықтамасымен танысу туралы мәлімет;

      5) тексеру жүргізудің күні, орыны және кезеңі;

      6) тексерулердің нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаттамалары туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Объектіге бару актісінде:

      1) бақылау және қадағалау органның атауы;

      2) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы;

      3) объектінің атауы мен орналасқан жері;

      4) объектіге барған кезде жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), заңды тұлға үшін - ұйымның атауы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы;

      5) уәкілетті органның лауазымды тұлғасының объектіге барғанын растайтын мәлімет көрсетіледі.

      24. Тексеру жүргізу барысында бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде әкімшілік жауапкершілік көзделген уәкілетті органның лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне осы Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес және оларда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      25. Уәкілетті орган жүргізген тексерудің нәтижесі осы бөлімге сәйкес ішінара тексеру жүргізу үшін жергілікті органды таңдауға негіз болып табылады.

4. Тексеру нәтижелері бойынша шаралар қабылдау

      26. Уәкілетті органның лауазымды адамның осы Қағидалардың 27-тармағының ережелерін ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға себеп болып табылады.

      27. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі тексерілетін субъектіге қатысты осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.06.2016 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге барған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда осы Қағидалардың 27-тармағы қолданылмайды.

      29. Бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың жол берілген бұзушылықтарын жою жөнінде ұйғарым береді, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 718-бабында белгіленген әкімшілік істерді қарайды және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 804-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.06.2016 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.06.2016 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Уәкілетті орган берген нұсқамаларды, ұйғарымдар мен өзге де шешімдерді белгіленген мерзімде жергілікті органдар орындайды.

  Сәулет, қала құрылысы, құрылыс
және мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылауы істері жөніндегі
жергілікті атқарушы органдардың
қызметіне бақылауды және
қадағалауды жүзеге асыру
қағидаларына қосымша

      _______________________________________________________________

      (Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті

      мемлекеттік органның атауы)

Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге бару туралы
ХАБАРЛАМА
№________

      _____________________________ 20__ ж. "__"_____________

      (жасалған орны)

      Осы хабарлама _________________________________________________

      (сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс

бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органның атауы)



      Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды

      жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында

      объектіге баруға байланысты тексеру болатыны туралы _________________

      _________________________________________________________ хабарлайды.

      (атауы және объектінің орналасқан жері)

      тексеру өткізу күні 20__ жылғы "__" ______________ бастап

      20__ жылғы "__" ______________ дейін.

      _____________________________________ ____________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы) (лауазымы)

      Хабарлама алынды: _____________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның өкілі толтырады)

      _____________________________________ ____________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы) (лауазымы)

      20___ ж. "___"__________________

      Ескертпе: "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы

      және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы

      1-тармағының 12-1) тармақшасына, 25-бабы 1-тармағының 13-1)

      тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне

      ведомстволық бағыныстағы аумақта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау

      мен қадағалау органдарының жұмысына көмек көрсету жатады.

      Бұл ретте, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау

      және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыреттеріне

      сәйкес өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергілер келтіру

      бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

      кодексінің 462-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік

      көзделген.

Об утверждении Правил осуществления контроля и надзора за деятельностью местных исполнительных органов по делам архитектуры, градостроительства, строительства и государственного архитектурно-строительного контроля

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 144. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 марта 2015 года № 10597.

      В соответствии с подпунктом 14-1) статьи 20 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления контроля и надзора за деятельностью местных исполнительных органов по делам архитектуры, градостроительства, строительства и государственного архитектурно-строительного контроля.

      2. Комитету по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управлению земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной

      регистрации настоящего приказа его направление на официальное

      опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-

      правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

Е. Досаев


  Утверждено
приказом Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 27 февраля 2015 года № 144

Правила
осуществления контроля и надзора
за деятельностью местных исполнительных органов по делам
архитектуры, градостроительства, строительства и государственного архитектурно-строительного контроля
1. Общие положения

      1. Правила осуществления контроля и надзора за деятельностью местных исполнительных органов по делам архитектуры, градостроительства, строительства и государственного архитектурно-строительного контроля (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон) и иными законодательными актами Республики Казахстан.

      2. Настоящие Правила определяют порядок организации и проведения контроля и надзора ведомством уполномоченного государственного органа по делам архитектуры, градостроительства и строительства (далее - уполномоченный орган) за деятельностью местных исполнительных органов по делам архитектуры, градостроительства, строительства и государственного архитектурно-строительного контроля (далее - местный орган).

      3. Уполномоченный орган осуществляет контроль и надзор за

      деятельностью местных органов путем:

      1) посещения объекта с целью установления соответствующего

      выполнения местными органами функций, возложенных на них

      законодательством Республики Казахстан;

      2) выборочной проверки - проверка, назначаемая органом контроля и надзора в отношении конкретного проверяемого субъекта (объекта) на основе оценки степени риска, по результатам анализа отчетности, результатов иных форм контроля с целью предупреждения и (или) устранения непосредственной угрозы жизни и здоровью человека, окружающей среде, законным интересам физических и юридических лиц, государства;

      3) внеплановых проверок - проверка, назначаемая органом контроля и надзора по конкретным фактам и обстоятельствам, послужившим основанием назначения проверки, в отношении конкретного проверяемого субъекта (объекта), с целью предупреждения и (или) устранения непосредственной угрозы жизни и здоровью человека, окружающей среде, законным интересам физических и юридических лиц, государства.

      4. Целью контроля и надзора уполномоченным органом за деятельностью местных органов является обеспечение качественного строительства и условий, обеспечивающих благоприятные, безопасные и другие необходимые условия обитания и жизнедеятельности человека.

      5. Проверка уполномоченного органа по объектам строительства

      предполагает в себе установление соответствующего выполнения местными

      органами функций, возложенных на них законодательством Республики

      Казахстан.

      6. Контроль и надзор за деятельностью местных органов проводятся должностным лицом (должностными лицами) - государственным

      строительным инспектором (государственными строительными инспекторами) уполномоченного органа.

2. Порядок проведения выборочных и внеплановых проверок

      7. Основанием для проведения выборочных и внеплановых проверок (далее – проверки) является акт о назначении проверки уполномоченного органа (далее – акт), оформленный в порядке, установленном Предпринимательским кодексом Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 7 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 15.06.2016 № 261 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Акт о назначении проверки уполномоченным органом регистрируется до начала проверки в уполномоченном органе по правовой статистике и специальным учетам.

      9. В акте указываются:

      1) номер и дата акта;

      2) наименование уполномоченного органа;

      3) фамилия, имя, отчество (при его наличии) и должность лица (лиц), уполномоченного на проведение проверки;

      4) сведения о специалистах, консультантах и экспертах, привлекаемых для проведения проверки;

      5) наименование и местонахождение местного органа, фамилия, имя, отчество (при его наличии) его руководителя, в отношении которого назначено проведение проверки, идентификационный номер, участок территории;

      6) предмет назначенной проверки;

      7) срок проведения проверки;

      8) правовые основания проведения проверки, в том числе нормативные правовые акты, обязательные требования которых подлежат проверке;

      9) проверяемый период;

      10) права и обязанности проверяемого субъекта, предусмотренные статьей 155 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан;

      11) подпись лица, уполномоченного подписывать акты, и печать уполномоченного органа.

      Сноска. Пункт 9 с изменением, внесенным приказом Министра национальной экономики РК от 15.06.2016 № 261 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Основаниями внеплановой проверки проверяемых субъектов являются:

      1) контроль исполнения предписаний (постановлений, представлений, уведомлений) об устранении выявленных нарушений в результате проверки;

      2) обращения физических и юридических лиц по конкретным фактам о возникновении угрозы причинения вреда жизни, здоровью человека, окружающей среде и законным интересам физических и юридических лиц, государства, за исключением обращений физических и юридических лиц (потребителей), права которых нарушены, и обращений государственных органов;

      3) обращения физических и юридических лиц по конкретным фактам о причинении вреда жизни, здоровью человека, окружающей среде и законным интересам физических и юридических лиц, государства, за исключением обращений физических и юридических лиц (потребителей), права которых нарушены, и обращений государственных органов;

      4) обращения физических и юридических лиц (потребителей), права которых нарушены;

      5) поручения органов прокуратуры по конкретным фактам причинения либо угрозы причинения вреда жизни, здоровью человека, окружающей среде и законным интересам физических и юридических лиц, государства;

      6) обращения государственных органов по конкретным фактам причинения либо угрозы причинения вреда жизни, здоровью человека, окружающей среде и законным интересам физических и юридических лиц, государства;

      7) встречная проверка в отношении третьих лиц, с которыми проверяемый субъект имел гражданско-правовые отношения, с целью получения необходимой для осуществления проверки информации;

      8) повторная проверка, связанная с обращением проверяемого субъекта о несогласии с первоначальной проверкой;

      9) поручение органа уголовного преследования по основаниям,

      предусмотренным Уголовно-процессуальным кодексом Республики

      Казахстан.

      11. Началом проведения проверок считается момент вручения местному органу акта.

      12. Уполномоченный орган обязан известить в письменном виде

      проверяемого субъекта о начале проведения выборочной проверки не менее чем за тридцать календарных дней до начала самой проверки с указанием сроков и предмета проведения проверки.

      При проведении внеплановой проверки, за исключением случаев, предусмотренных подпунктами 2), 7) и 9) пункта 10 настоящих Правил, уполномоченный орган извещает местный орган о начале проведения внеплановой проверки не менее чем за сутки до начала самой проверки с указанием предмета проведения проверки.

      13. По результатам проверок местных органов оформляется акт о результатах проверки в двух экземплярах.

      В акте о результатах проверки указываются:

      1) дата, время и место составления акта;

      2) наименование уполномоченного органа;

      3) дата и номер акта о назначении проверки, на основании которого проведена проверка;

      4) фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) и должность лица (лиц), проводившего проверку;

      5) наименование или фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) проверяемого субъекта, должность представителя физического или юридического лица, присутствовавшего при проведении проверки;

      6) дата, место и период проведения проверки;

      7) сведения о результатах проверки, в том числе о выявленных

      нарушениях, об их характере;

      8) наименование проверочного листа и пункты требований, по которым выявлены нарушения;

      9) сведения об ознакомлении или отказе в ознакомлении с актом представителя проверяемого субъекта, а также лиц, присутствовавших при проведении проверки, их подписи или отказ от подписи;

      10) подпись должностного лица (лиц), проводившего проверку.

      К акту о результатах проверки прилагаются при их наличии акты об отборе образцов (проб) продукции, обследовании объектов окружающей среды, протоколы (заключения) проведенных исследований (испытаний) и экспертиз и другие документы или их копии, связанные с результатами проверки.

      Сноска. Пункт 13 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 15.06.2016 № 261 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Дата представления акта о результатах проверки в местный орган является завершением срока проверки не позднее срока окончания проверки, указанного в акте о назначении проверки.

3. Порядок посещения объекта с целью установления соответствующего выполнения местными органами функций, возложенных на них законодательством Республики Казахстан

      15. Осуществление контроля и надзора, связанного с посещением уполномоченным органом объекта с целью установления соответствующего выполнения местными органами функций, возложенных на них законодательством Республики Казахстан, проводится в соответствии со статьей 140 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 15 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 15.06.2016 № 261 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Посещение уполномоченным органом объекта, с целью установления соответствующего выполнения местными органами функций, возложенных на них законодательством Республики Казахстан, производится по решению руководителя (лица, исполняющего его обязанности, или лица, которое вправе принимать такое решение) уполномоченного органа.

      Сноска. Пункт 16 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 15.06.2016 № 261 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. Решение руководителя (лица, исполняющего его обязанности, или лица, которое вправе принимать такое решение) уполномоченного органа принимается на основании информации средств массовой информации, в том числе интернет ресурсов, получение информации и обращений, требующие незамедлительного реагирования от физических и юридических лиц, государственных органов, запросов депутатов Парламента Республики Казахстан, поручений Администрации Президента Республики Казахстан, Канцелярий Премьер-Министра Республики Казахстан, а также по проводимому уполномоченным органом мониторинга и анализа.

      18. Для посещения объекта уполномоченный орган уведомляет

      заинтересованные местные органы о намечаемой проверке (посещения)

      посредством почтовой, факсимильной или электронной связи согласно

      приложению.

      19. При посещении объекта, должностное лицо уполномоченного органа осуществляет следующие действия:

      1) проводит визуальный осмотр объекта по выполненным работам и

      примененных строительных материалов (изделий);

      2) рассматривает документацию объекта, с целью установления

      соответствующего выполнения местными органами функций, возложенных на

      них законодательством Республики Казахстан.

      20. Должностному лицу уполномоченного органа, осуществляющего

      проверку, не допускается предъявлять участникам строительства требования и обращаться с просьбами, не относящимися к предмету проверки.

      21. Участники строительства обеспечивают допуск на объект

      должностных лиц уполномоченного органа и оказывают содействие в

      установлении выполнения местными органами функций, возложенных на них

      законодательством Республики Казахстан.

      22. По результатам проверки должностным лицом уполномоченного

      органа составляется справка посещения объекта, которая выдается местным органам, работа которых проверялась, а также оформляется акт о посещении объекта.

      23. В справке посещения объекта указываются:

      1) наименование органа контроля и надзора;

      2) фамилия, имя, отчество (при его наличии) и должность лица (лиц), проводившего проверку;

      3) наименование местного органа, должность представителя местного органа, присутствовавшего при проведении проверки;

      4) сведения об ознакомлении справки посещения объекта;

      5) дата, место и период проведения проверки;

      6) сведения о результатах проверки, в том числе о выявленных

      нарушениях, об их характере.

      В акте о посещении объекта указываются:

      1) наименование органа контроля и надзора;

      2) фамилия, имя, отчество (при его наличии) и должность лица (лиц), проводившего проверку;

      3) наименование и месторасположение объекта;

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) - для физических лиц, наименование организации, фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность - для юридических лиц, присутствовавших на объекте;

      5) сведения о подтверждении посещения объекта должностным лицом уполномоченного органа.

      24. При выявлении в ходе проведения проверки за совершение которых Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях предусмотрена административная ответственность, должностное лицо уполномоченного органа осуществляет полномочия в соответствии и в порядке, предусмотренном Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях и главой 4 настоящих Правил.

      25. Результаты проверки проведенной уполномоченным органом в

      соответствии с настоящей главой является основанием для отбора местного органа для проведения выборочной проверки.

4. Принятие мер по результатам проверки

      26. Поводами к возбуждению дела об административном

      правонарушении является непосредственное обнаружение уполномоченным

      должностным лицом факта совершения административного правонарушения с

      учетом положений пункта 27 настоящих Правил.

      27. Основанием для возбуждения дела об административном правонарушении согласно пункту 26 настоящих Правил в отношении проверяемого субъекта является результат проверки, проведенной в порядке, установленным Предпринимательским кодексом Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 27 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 15.06.2016 № 261 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      28. Действие пункта 27 не распространяется на случаи выявления

      признаков административного правонарушения при посещении

      уполномоченным органом объекта с целью установления соответствующего

      выполнения местными исполнительными органами функций, возложенных на

      них законодательством Республики Казахстан

      29. При выявлении нарушений уполномоченный орган выдает предписание по устранению допущенных нарушений законодательства в области архитектуры, градостроительства и строительства,рассматривает административные дела, установленные статьей 718 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях, и составляет протоколы об административных правонарушениях предусмотренных статьей 804 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.

      Сноска. Пункт 29 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 15.06.2016 № 261 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      30. Исключен приказом Министра национальной экономики РК от 15.06.2016 № 261 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      31. Предписания, указания и иные решения, выданные уполномоченным органом, исполняются местными органами в указанные сроки.

  Приложение
к Правилам осуществления
контроля и надзора за деятельностью
местных исполнительных органов
по делам архитектуры, градостроительства,
строительства и государственного
архитектурно-строительного контроля

      Форма

      ____________________________________________________________________

      (Наименование уполномоченного государственного органа по делам архитектуры, градостроительства и строительства)

УВЕДОМЛЕНИЕ
о посещении объекта с целью установления соответствующего выполнения местными органами функций, возложенных на них законодательством Республики Казахстан
№______________________

      ______________________________ "___"_____________ 201_ г.

      (место составления)

      Настоящим уведомляется_________________________________________

      (наименование местного исполнительного

      органа по делам архитектуры,

      градостроительства, строительства и

      государственного архитектурно-

      строительного контроля)

      о проверке, связанное с посещением объекта__________________________

      ____________________________________________________________________

      (наименование и месторасположение объекта)

      с целью установления соответствующего выполнения Вами функций,

      возложенных законодательством Республики Казахстан

      дата проведения проверки с "__"___200_ года по "_"____200_года.

      ____________________________ _________________ _____________________

      (фамилия, имя, отчество (в (подпись) (должность)

      случае наличия))

      Уведомление получил:__________________________________________

      (заполняется представителем местного исполнительного органа)

      ____________________________ _________________ _____________________

      (фамилия, имя, отчество (в (подпись) (должность)

      случае наличия))

      "____"_________ ____г.

      Примечание: В соответствии с подпунктом 12-1) пункта 1 статьи 24, подпункта 13-1) пункта 1 статьи 25 Закона Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" компетенции местных исполнительных органов относится оказание содействия в работе государственных органов архитектурно-строительного контроля и надзора на подведомственной территорий.

      При этом воспрепятствование должностным лицам государственных инспекций и органов государственного контроля и надзора в выполнении ими служебных обязанностей в соответствии с их компетенцией предусматривает административную ответственность в соответствии со статьей 462 части 1 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.