"Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 шілдеде № 13962 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10597 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен ресімделген уәкілетті органның тексеруді тағайындау туралы актісі (бұдан әрі – акт) ішінара және жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.»;
      9-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 155-бабында көзделген тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Жергілікті органдарды тексерулердің нәтижелерi бойынша тексеру нәтижелерi туралы екi данада акт ресімделеді.
      Тексеру нәтижелерi туралы актiде:
      1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;
      2) уәкілетті органның атауы;
      3) оның негізінде тексеру жүргізілген, тексеруді тағайындау туралы актінің жасалған күні мен оның нөмірі;
      4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
      5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы;
      6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;
      7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;
      8) тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;
      9) тексерiлетiн субъект өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамдардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
      10) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетiледi.
      Тексерудiң нәтижелерi туралы актiге өнiм үлгiлерiн (сынамаларын) iрiктеу, қоршаған орта объектiлерiн зерттеп-қарау туралы актiлер, жүргiзiлген зерттеулердiң (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерiмен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшiрмелерi болған кезде олар қоса берiледi.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге баруына байланысты қадағалауды және бақылауды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 140-бабына сәйкес жүргізіледі.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге баруы уәкілетті орган басшысының (оның міндетін атқарушы адамның немесе осындай шешім қабылдауға құқығы бар адамның) шешімі бойынша жүргізіледі.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі тексерілетін субъектіге қатысты осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіз болып табылады.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың жол берілген бұзушылықтарын жою жөнінде ұйғарым береді, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 718-бабында белгіленген әкімшілік істерді қарайды және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 804-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды.»;
      30-тармақ алып тасталсын;
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Қ. Бишімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады