"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 119-бабына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.12.2024 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________Б. Сұлтанов
2015 жылғы 25 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_________В. Школьник
2015 жылғы 13 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестиция және даму министрі
_________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 20 ақпан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 185 бұйрығымен бекітілген |
Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн
жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар қызметі өнеркәсіп өндірісімен байланысты заңды тұлғалардың барлық түрлеріне қолданылады.
3. Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзудің негізгі міндеті қаланың заңды тұлғаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайын болжау және айқындау болып табылады.
2. Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және
олардың тiзбесiн жүргiзу тәртібі
4. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 1 тамызға дейін өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органға заңды тұлғаны Қала құраушы тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізу бойынша ұсыныстарды және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ол туралы ақпаратты береді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.12.2024 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары мен ақпаратын осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген критерийлерге сәйкестігін қарастырады және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде заңды тұлғаны Тізбеге қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6. Заңды тұлғалар Тiзбеге мынадай критерийлердің бiрi бойынша:
1) заңды тұлға өндiрiсiнiң көлемi өндiрiстiң жалпы қалалық көлемiнiң 14 пайызынан асқанда;
2) заңды тұлғада жұмыс iстейтiндердiң саны қаланың еңбекке қабiлеттi халқы санының 14 пайызынан асқанда енгізіледі.
7. Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын сәуірде Тiзбенiң мониторингiн жүргiзедi және қала құраушы заңды тұлға осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген критерийлерге сәйкес келмеген кезде оны Тiзбеден алып тастайды.
8. Тiзбе өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік 30 (отыз) күннiң iшiнде өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануға жатады.
9. Тізбеге өзгерістер ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін жылына бір рет енгізіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.12.2024 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу қағидаларына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ескерту. Қағидалар қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.12.2024 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне
Әкімшілік деректер нысаны https://www.gov.kz/memleket/entities/ economy/activities/198?lang=ru интернет-ресурста орналастырылған
Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ҚК-1
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20___жылғы ____________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 1 тамызға дейін.
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН):
Жинау әдісі: электронды түрде
Қазақстан Республикасының қала құраушы заңды тұлғалары бойынша ақпарат
№ | Облыс/қала | Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының коды | Қала құраушы кәсіпорынның атауы | БСН |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы ___________________________________ _______________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________________
______________________________________________________________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы
Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидалары" нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидалары" нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсініктеме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидалары" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;
5. Нысанның 2-бағанында облыс/қала көрсетіледі;
6. Нысанның 3-бағанында Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының коды көрсетіледі;
7. Нысанның 4-бағанында қала құраушы кәсіпорынның атауы көрсетіледі;
8. Нысанның 5-бағанында қала құраушы кәсіпорынның БСН көрсетіледі.
Нысанды осылай толтыру схемасы нысанның барлық жолдарын толтырған кезде сақталады.