Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10669 тіркелді

      «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 119-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидалары бекітілсін.
      2. Өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _________Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 25 ақпан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _________В. Школьник
      2015 жылғы 13 ақпан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестиция және даму министрі
      _________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 20 ақпан

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 185 бұйрығымен бекітілген

Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн
жүргiзу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар қызметі өнеркәсіп өндірісімен байланысты заңды тұлғалардың барлық түрлеріне қолданылады.
      3. Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзудің негізгі міндеті қаланың заңды тұлғаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайын болжау және айқындау болып табылады.

2. Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және
олардың тiзбесiн жүргiзу тәртібі

      4. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 1 наурызға дейін өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органға заңды тұлғаны Қала құраушы тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) енгізу бойынша ұсыныстарды және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген критерийлерге сәйкес ол туралы ақпаратты береді.
      5. Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары мен ақпаратын осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген критерийлерге сәйкестігін қарастырады және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде заңды тұлғаны Тізбеге қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      6. Заңды тұлғалар Тiзбеге мынадай критерийлердің бiрi бойынша:
      1) заңды тұлға өндiрiсiнiң көлемi өндiрiстiң жалпы қалалық көлемiнiң 14 пайызынан асқанда;
      2) заңды тұлғада жұмыс iстейтiндердiң саны қаланың еңбекке қабiлеттi халқы санының 14 пайызынан асқанда енгізіледі.
      7. Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын сәуірде Тiзбенiң мониторингiн жүргiзедi және қала құраушы заңды тұлға осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген критерийлерге сәйкес келмеген кезде оны Тiзбеден алып тастайды.
      8. Тiзбе өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік 30 (отыз) күннiң iшiнде өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануға жатады.
      9. Тізбеге өзгерістер ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін жылына бір рет енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады