"Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 185 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 желтоқсанда № 35534 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 185 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 119-бабына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 1 тамызға дейін өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органға заңды тұлғаны Қала құраушы тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізу бойынша ұсыныстарды және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ол туралы ақпаратты береді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тізбеге өзгерістер ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін жылына бір рет енгізіледі.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
Б. Омарбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің Ұлттық

      статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 112 Бұйрыққа
қосымша
  Заңды тұлғаларды қала
құраушыға жатқызу және
олардың тізбесін жүргізу
қағидаларына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне

      Әкімшілік деректер нысаны https://www.gov.kz/memleket/entities/ economy/activities/198?lang=ru интернет-ресурста орналастырылған

      Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ҚК-1

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Есепті кезең: 20___жылғы ____________

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері).

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 1 тамызға дейін.

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН):



      Жинау әдісі: электронды түрде

      Қазақстан Республикасының қала құраушы заңды тұлғалары бойынша ақпарат

Облыс/қала

Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының коды

Қала құраушы кәсіпорынның атауы

БСН

1

2

3

4

5


























      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы ___________________________________ _______________

      аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы

      Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
"Заңды тұлғаларды қала
құраушыға жатқызу және
олардың тiзбесiн жүргiзу
қағидалары" нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидалары" нысанын толтыру бойынша түсініктеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидалары" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;

      5. Нысанның 2-бағанында облыс/қала көрсетіледі;

      6. Нысанның 3-бағанында Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының коды көрсетіледі;

      7. Нысанның 4-бағанында қала құраушы кәсіпорынның атауы көрсетіледі;

      8. Нысанның 5-бағанында қала құраушы кәсіпорынның БСН көрсетіледі.

      Нысанды осылай толтыру схемасы нысанның барлық жолдарын толтырған кезде сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады