"Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 15.12.2017 № 728 (алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығымен бекітілген |
Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 № 786 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және мәмілеге қатысушының мәміле мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыруы мен оларды уәкілетті органдарға тапсыру тәртібін, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың мәміле мониторингі бойынша құжаттама жүргізуінің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 № 786 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мәмілелер мониторингін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары "Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10680 болып тіркелген) сәйкес халықаралық іскерлік операциялар бойынша мәмілелерге қатысушылар кірістердің (шығыстардың) және (немесе) міндеттемелердің есепті қаржы жылындағы жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын кемінде 250 000 айлық есептік көрсеткішті құрайтын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша қолданылатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.07.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 № 786 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша мәмілелерге қатысушылар "Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты" бойынша осы Қағидалардың 1 нұсқамасына сәйкес және "Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты" бойынша осы Қағидалардың 2 нұсқамасына сәйкес мониторинг есебін (бұдан әрі - мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Кірістер комитеті) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей табыс етеді. Күнтізбелік бір жыл есепті кезең болып табылады.
4. Мәмілелер мониторингі бойынша толтырылған есептілік нысандары Мемлекеттік кірістер комитетіне осы Қағидаларға 1 және 2 қосымшаларға сәйкес нысанда салық есептілігін мемлекеттік кірістер қызметі органдарының қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етіледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.
Қағидалардың осы тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабы қабылдаған күн Мемлекеттік кірістер комитетіне мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарының электронды түрде табыс етілген күні болып табылады.
Мемлекеттік кірістер комитетіне мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын тапсыру үшін осы Қағидаларда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы табыс етілген мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары мерзімінде табыс етілді деп есептеледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары электронды түрде табыс етілген кезде Мемлекеттік кірістер комитеті, мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей мәмілеге қатысушыға көрсетілген жүйенің мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жібереді.
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары, егер:
1) осы Қағидаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмесе;
2) мемлекеттік кірістер органының коды көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;
3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;
4) салық кезеңі көрсетілмесе;
5) электрондық цифрлық қолтаңбасы болмаса немесе дұрыс емес болса;
6) осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарының елу бірінші бөлігінің талаптары бұзылса;
7) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарының электрондық формат құрылымы бұзылса, Мемлекеттік кірістер комитетіне табыс етілмеген деп есептеледі.
Мемлекеттік кірістер органдарының бағдарламалық қамтамасыз етілімінде электрондық түрдегі мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын уақтылы табыс етуге әсер ететін техникалық қателер анықталған жағдайда, Мемлекеттік кірістер комитеті мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын табыс ету мерзімін осындай есептілік нысандарын табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап алты айдан аспайтын кезеңге ұзартады.
5. Осы Қағидалардың 2-тармағында айқындалған мәмілелерге қатысушыларда есепті кезеңде халықаралық іскерлік операциялар болмағанда, мұндай мәмілелерге қатысушылар мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын Мемлекеттік кірістер комитетіне табыс етпейді.
6. Егер мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын табыс ету мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келген жағдайда табыс ету мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.
7. Мемлекеттік кірістер органдары тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша халықаралық іскерлік операциялардың мәмілелер мониторингін Заңның 6-бабына сәйкес жүзеге асырады.
8. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін мәмілелер мониторингі бойынша қосымша есептілік нысандарын табыс ету жолымен жүргізіледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша қосымша есептілік нысандарын табыс ету және өңдеу осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша қосымша есептілік нысандарын жасағанда бағандарда деректер өзгертілген жағдайда жаңа мәндер көрсетіледі, деректері өзгермеген бағандарда бұрын табыс етілген мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарында көрсетілген бастапқы мәндер көрсетіледі.
Мәмілелерге қатысушылар табыс етілген мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру жүргізілу басталғанға дейін енгізеді.
3-тарау. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыру тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 № 786 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. "Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты" мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары төлеу уақытына қарамастан, экспортқа өткізумен байланысты тауардың тиеп-жөнелтілуіне, жұмыстардың орындалуына, қызметтердің көрсетілуіне қарай толтырылады.
"№" деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Одан кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуден аспауға тиіс.
"ЖСН" деген 2-бағанда жөнелтуші - мәмілеге қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
"БСН" деген 3-бағанда жөнелтуші - мәмілеге қатысушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
"Жіберушінің (экспорттаушының) атауы" деген 4-бағанда заңды тұлғаның (жөнелтушінің) толық атауы көрсетіліп, оның ұйымдық-құқықтық нысанына сілтеме жасалады.
"Салық кезеңі" деген 5-бағанда мәмілелер мониторингі бойынша есептілік тапсырылатын кезең көрсетіледі.
"Тауарларға арналған декларацияның (Өтініштің) күні" және "Тауарларға арналған декларацияның (Өтініштің) №" деген 6 және 7-бағандарда тауарларға арналған декларацияның күні мен нөмірі немесе Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің (бұдан әрі - Өтініш) күні мен нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте Өтініштің күні мен нөмірі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен сыртқы экономикалық қызмет жасасқан жағдайда көрсетіледі.
"ЕАЭО СЭҚ ТН коды" деген 8-бағанда Еуразиялық Экономикалық Одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.
"Тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы" деген 9-бағанда экспортталатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы көрсетіледі.
"Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапалық сипаттамалары" деген 10-бағанда осындай шарт болған жағдайда тауардың (жұмыстың, қызметтер) сапасы көрсетіледі.
Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасы тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапа сертификатында көрсетілген және олардың мақсатына сәйкес белгілі бір қажеттіктерді қанағаттандыруға жарамдылығына негізделген қасиеттерінің, сипаттамасының жиынтығын білдіреді. Қасиеті — тауарды (жұмысты, қызметті) құру, бағалау, сақтау және тұтыну (пайдалану) кезінде білінетін объективті ерекшелігі. Сапа көрсеткіші - тауар (жұмыс, қызмет) қасиеттерінің сандық және сапалық мәні. Сапа көрсеткіші физикалық немесе физикалық емес шамалар болып табылады. Физикалық шамалар (ұзындық, салмақ, тығыздық және тағы басқалар) санмен және сапамен өлшенуі мүмкін. Көрсеткіштің атауы тауардың сапалық сипаттамасы болады (мысалы, шырындағы қанттың салмақтық үлесі, мақта талшығының ұзындығы). Жеке көрсеткіштер - тауардың қарапайым қасиеттерін білдіруге арналған көрсеткіштер. Оларға түсі, қалпы, тұтастығы, қышқылдығы және тағы басқалар жатады.
"Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы беделі" деген 11-бағанда іскерлік кәлеміндегі ұйымның беделі мен кемшіліктері туралы орнықты пікірден тұратын нарықтағы беделі туралы ақпарат көрсетіледі. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы бедел туралы ақпарат тауар (жұмыс, қызмет) сапасы, қаржы жағдайының тұрақтылығы, нарық үлесі, компания туралы ақпаратқа қол жетімділік, оның жариялылығы және танымалдығы сияқты көрсеткіштерден қалыптасады.
"Тауарды жөнелту жұмысты орындау, қызметті көрсету елі" деген
12-бағанда тауар экспортталатын, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін ел көрсетіледі.
"Тасымалдау түрі" деген 13-бағанда тауарды экспорттау үшін пайдаланылатын көлік түрлері (теміржол, әуе және басқа) көрсетіледі.
"Тауарды (жұмысты, қызметті) шығарушы ел" деген 14-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауар (жұмыс, қызмет) өндірілген ел көрсетіледі.
"Тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші" деген 15-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші көрсетіледі.
"Тауарлық таңбасының (сауда маркасының, брендінің) болуы" деген 16-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарлық таңбасы (сауда маркасы, бренді) көрсетіледі.
"Тауарды жеткізу шарттары" деген 17-бағанда Инкотермске сәйкес тауарды жеткізу шарттары көрсетіледі.
"Тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны" деген 18 және 19-бағандарда тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны керсетіледі.
"Тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі" деген 20-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі көрсетіледі.
"Тауарды (жұмысты, қызметті) жеткізу пункті" деген 21-бағанда тауарды (жұмысты, қызметтер) жеткізу пункті көрсетіледі.
"Сатып алушының атауы" және "Сатып алушының заңды мекенжайы" деген 22 және 23-бағандарда тауарды (жұмысты, қызметті) алушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және сатып алушының заңды мекенжайы көрсетіледі.
"Сатып алушының тіркелген елі" деген 24-бағанда сатып алушының тіркелген елі көрсетіледі.
"Сауда жасаушы ел" деген 25-бағанда Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 "Кеден декларацияларын толтыру үшін қолданылатын жіктеуіштер туралы" шешімімен бекітілген Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы елдің цифрлық коды қойылады.
Мәмілеге қатысушы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды соған сәйкес өткізетін келісімшарт жасасқан тұлға тіркелген немесе тұрақты тұратын ел сауда жасаушы ел деп түсініледі.
"Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланысы туралы ақпарат" деген 26-бағанда ондай деректер болған жағдайда тараптардың (сатушы мен сатып алушыны) өзара байланысы туралы ақпарат көрсетіледі.
"Келісімшарттың (шарттың) күні және №" деген 27 және 28-бағандарда келісімшарттың (шарттың) күні және нөмірі көрсетіледі.
"Шот-фактураның күні және №" деген 29-бағанда шот-фактураның күні және нөмірі керсетіледі.
"Өлшем бірлігі" деген 30-бағанда тауардың өлшем бірлігі (дана, килограмм, тонна, метр, текшеметр, литр, кВТ және Қазақстан Республикасында қолданылатын басқа да өлшем бірліктер) көрсетіледі.
"Тауарды өткізу көлемі" деген 31-бағанда көрсетілген өлшем бірліктерде іс жүзінде жүргізілген тауар экспортының көлемі көрсетіледі.
"Құн (келісімшарт (шарт) валютасымен)" деген 32-бағанда келісімшарт (шарт) валютасымен құны көрсетіледі.
"Мәміле бағасы (келісімшарт (шарт) валютасымен)" деген 33-бағанда келісімшарт (шарт) валютасымен мәміле бағасы көрсетіледі.
"Келісімшарт (шарт) валютасы" деген 34-бағанда келісімшарт (шарт) бойынша экспортталатын тауарға (жұмысқа, қызметке) төлем жүзеге асырылған валюта көрсетіледі.
"Теңге бағамы" деген 35-бағанда табыс танылған күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі.
"Трансферттік баға белгілеу әдіснамасы" деген 36-бағанда осы баға серпінінің деңгейін негіздейтін мәміле бағаларын белгілеу қағидаттарының жиынтығы көрсетіледі.
"Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар" деген 37-бағанда мәміленің бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар көрсетіледі.
"Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс" деген 38-бағанда Заңның 12-бабымен айқындалған және нарықтық бағаны айқындау үшін мәмілеге қатысушы қолданатын әдістердің бірі көрсетіледі.
"Ақпарат көзі" деген 39-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасын айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі көрсетіледі.
"Дифференциал" деген 40-бағанда құжаттамамен және (немесе) Заңның 18-бабында көзделген ақпарат көздерімен расталған мәліметтер көрсетіледі.
"Тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы" деген 41-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы көрсетіледі.
"Мәмілеге қатысушының (экспорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, қызметінің саласы және нарық шарттары" деген 42-бағанда тауарларды ендіру және (немесе) өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету, оның ішінде коммерциялық делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, консультациялық қызмет, бағалы қағаздармен операциялар бойынша мәмілеге қатысушы қызметінің сипаттамасы көрсетіледі.
"Бизнестің стратегиясы" деген 43-бағанда өнімді өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін қолда бар әлеуетті пайдалану үдерістерінен тұратын, мәмілеге қатысушы бизнесінің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі; ол фирманың мақсаттары, саясаты мен алға қойылған мақсаттарын іске асыру жоспарларын қамтиды, компанияның негізгі қызметі жұмылдырылған бизнестің саласын, сондай-ақ экономикалық және сыртқы экономикалық жетістіктерінің табиғатын айқындайды.
"Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат" деген 44-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше қолданылатын бағалар бойынша дәлел келтіру мақсатында көрсетуге қажет ақпарат көрсетіледі.
"Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат" деген 45-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуына ықпал ететін ақпарат көрсетіледі.
"Экспорттық нарықтардағы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы" деген 46-бағанда мәмілеге қатысушы экспорттайтын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы көрсетіледі.
"Іскерлік операцияларды жүргізу стратегиясы" деген 47-бағанда іскерлік оиерацияларды жүргізудің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі.
"Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік" деген 48-бағанда ұйымның қаржылық жағдайы, оның қызметінің қаржылық нәтижелері және оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы бірыңғай деректер жүйесін білдіретін ақпарат көрсетіледі.
"Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау" деген 49-бағанда компанияның қызмет саласы, операцияға қатысатын компаниялар арасында міндеттер, тәуекелдер мен активтер қалай бөлінгенін айқындау үшін оның міндеттері, тәуекелдері мен активтері туралы мәліметтер көрсетіледі.
"Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (кәсіптік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін етемақы" деген 50-бағанда маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақысы көрсетіледі.
"Бағаланатын кезең" деген 51-бағанда мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған, қатарынан күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі көрсетіледі.
"Ақпарат көздерінен алынған баға" деген 52-бағанда ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық белгіленімдер туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға көрсетіледі.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 № 786 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. "Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты" мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары төлеу уақытына қарамастан, импортқа байланысты тауарды алуына, жұмыстардың орындалуына, қызметтердің көрсетілуіне қарай толтырылады.
"№" деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Одан кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуден аспауға тиіс.
"ЖСН" деген 2-бағанда алушы - мәмілеге қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
"БСН" деген 3-бағанда алушы - мәмілеге қатысушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
"Сатып алушының (импорттаушының) атауы" деген 4-бағанда заңды тұлғаның (импорттаушының) толық атауы көрсетіліп, оның ұйымдық-құқықтық нысанына сілтеме жасалады.
"Салық кезеңі" деген 5-бағанда мәмілелер мониторингі бойынша есептілік тапсырылатын кезең көрсетіледі.
"Тауарларға арналған декларацияның (Өтініштің) күні" және "Тауарларға арналған декларацияның (Өтініштің) №" деген 6 және 7-бағандарда тауарларға декларацияның күні мен нөмірі немесе Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің (бұдан әрі - Өтініш) күні мен нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте Өтініштің күні мен нөмірі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен сыртқы экономикалық қызмет жасасқан жағдайда көрсетіледі.
"ЕАЭО СЭҚ ТН коды" деген 8-бағанда Еуразиялық Экономикалық Одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.
"Тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы" деген 9-бағанда импортталатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы көрсетіледі.
"Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапалық сипаттамалары" деген 10-бағанда осындай шарт болған жағдайда тауардың (жұмыстың, қызметтер) сапасы көрсетіледі.
Тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасы тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапа сертификатында көрсетілген және олардың мақсатына сәйкес белгілі бір қажеттіктерді қанағаттандыруға жарамдылығына негізделген қасиеттерінің, сипаттамасының жиынтығын білдіреді. Қасиеті — тауарды (жұмысты, қызметті) құру, бағалау, сақтау және тұтыну (пайдалану) кезінде білінетін объективті ерекшелігі. Сапа көрсеткіші - тауар (жұмыс, қызмет) қасиеттерінің сандық және сапалық мәні. Сапа көрсеткіші физикалық немесе физикалық емес шамалар болып табылады. Физикалық шамалар (ұзындық, салмақ, тығыздық) санмен және сапамен өлшенуі мүмкін. Көрсеткіштің атауы тауардың сапалық сипаттамасы болады (мысалы, шырындағы қанттың салмақтық үлесі, мақта талшығының ұзындығы). Жеке көрсеткіштер - тауардың қарапайым қасиеттерін білдіруге арналған көрсеткіштер. Оларға түсі, қалпы, тұтастығы, қышқылдығы және тағы басқалар жатады.
"Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы беделі" деген 11-бағанда іскерлік әлеміндегі ұйымның беделі мен кемшіліктері туралы орнықты пікірден тұратын нарықтағы беделі туралы ақпарат көрсетіледі. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы бедел туралы ақпарат тауар (жұмыс, қызмет) сапасы, қаржы жағдайының тұрақтылығы, нарық үлесі, компания туралы ақпаратқа қол жетімділік, оның жариялылығы және танымалдығы сияқты көрсеткіштерден қалыптасады.
"Тауарды жөнелту, жұмысты орындау, қызметті көрсету елі" деген 12-бағанда тауар импортталатын, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін ел көрсетіледі.
"Тасымалдау түрі" деген 13-бағанда тауарды импорттау үшін пайдаланылатын көлік түрлері (теміржол, әуе және басқа) көрсетіледі.
"Тауарды (жұмысты, қызметті) шығарушы ел" деген 14-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауар (жұмыс, қызмет) өндірілген ел көрсетіледі.
"Тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші" деген 15-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші көрсетіледі.
"Тауарлық таңбасының (сауда маркасының, брендінің) болуы" деген 16-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарлық таңбасы (сауда маркасы, бренді) көрсетіледі.
"Тауарды жеткізу шарттары" деген 17-бағанда Инкотермске сәйкес тауарды жеткізу шарттары көрсетіледі.
"Тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны" деген 18 және 19-бағандарда тауарды (жұмысты, қызметті) тиеп жөнелту күні мен орны көрсетіледі.
"Тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі" деген 20-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) межеленген елі көрсетіледі.
"Тауарды (жұмысты, қызметті) жеткізу пункті" деген 21-бағанда тауарды (жұмысты, қызметтер) жеткізу пункті көрсетіледі.
"Сатушының (женелтушінің) атауы" және "Сатушының (жөнелтушінің) заңды мекенжайы" деген 22 және 23-бағандарда тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы (жөнелтуші) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және сатушының (жөнелтушінің) заңды мекенжайы көрсетіледі.
"Сатушының (женелтушінің) тіркелген елі" деген 24-бағанда сатып алушының тіркелген елі көрсетіледі.
"Сауда жасаушы ел" деген 25-бағанда Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 "Кеден декларацияларын толтыру үшін қолданылатын жіктеуіштер туралы" шешімімен бекітілген Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы елдің цифрлық коды қойылады.
Мәмілеге қатысушы оған сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар еткізілетін шарт жасасқан тұлға тіркелген немесе тұрақты жасайтын ел сауда жасаушы ел деп ұғынылады.
"Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланысы туралы ақпарат" деген 26-бағанда ондай деректер болған жағдайда тараптардың (сатушы мен сатып алушыны) өзара байланысы туралы ақпарат көрсетіледі.
"Келісімшарттың (шарттың) күні және №" деген 27 және 28-бағандарда келісімшарттың (шарттың) күні және нөмірі көрсетіледі.
"Шот-фактураның күні және №" 29-бағанда шот-фактураның күні және нөмірі керсетіледі.
"Өлшем бірлігі" деген 30-бағанда тауардың өлшем бірлігі (дана, килограмм, тонна, метр, текшеметр, литр, кВТ және Қазақстан Республикасында қолданылатын басқа да өлшем бірліктері) көрсетіледі.
"Тауарды өткізу көлемі" деген 31-бағанда көрсетілген өлшем бірліктерде іс жүзінде жүргізілген тауар импортының көлемі көрсетіледі.
"Құн (келісімшарт (шарт) валютасымен)" деген 32-бағанда келісімшарт (шарт) валютасымен құны көрсетіледі.
"Мәміле бағасы (келісімшарт (шарт) валютасымен)" деген 33-бағанда келісімшарт (шарт) валютасымен мәміле бағасы көрсетіледі.
"Келісімшарт (шарт) валютасы" деген 34-бағанда келісімшарт (шарт) бойынша импортталатын тауарға (жұмысқа, қызметке) төлем жүзеге асырылған валюта көрсетіледі.
"Теңге бағамы" деген 35-бағанда шығыс танылған күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі.
"Трансферттік баға белгілеу әдіснамасы" деген 36-бағанда осы баға серпінінің деңгейін негіздейтін мәміле бағаларын белгілеу қағидаттарының жиынтығы көрсетіледі.
"Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар" деген 37-бағанда мэміленің бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар көрсетіледі.
"Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс" деген 38-бағанда Заңның 12-бабымен айқындалған және нарықтық бағаны айқындау үшін мәмілеге қатысушы қолданатын әдістердің бірі көрсетіледі.
"Ақпарат көзі" деген 39-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасын айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі көрсетіледі.
"Дифференциал" деген 40-бағанда құжаттамамен және (немесе) Заңның 18-бабында көзделген ақпарат көздерімен расталған мәліметтер көрсетіледі.
"Тауардың (жұмыстың, қызметтік) нарықтық бағасы" деген 41-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы көрсетіледі.
"Мәмілеге қатысушының (импорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, қызметінің саласы және нарық шарттары" деген 42-бағанда тауарларды ендіру және (немесе) өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету, оның ішінде коммерциялық делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, консультациялық қызмет, бағалы қағаздармен операциялар бойынша мәмілеге қатысушы қызметінің сипаттамасы көрсетіледі.
"Бизнестің стратегиясы" деген 43-бағанда өнімді өндіру, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету үшін қолда бар әлеуетті пайдалану үдерістерінен тұратын, мәмілеге қатысушы бизнесінің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі, ол фирманың мақсаттары, саясаты мен алға қойылған мақсаттарын іске асыру жоспарларын қамтиды, экономикалық және сыртқы экономикалық жетістігінің табиғатын, сондай-ақ компанияның негізгі қызметіне жұмылдырған бизнестің саласын айқындайды.
"Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат" деген 44-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше қолданылатын бағалар бойынша дәлел келтіру мақсатында көрсетуге қажет ақпарат көрсетіледі.
"Тауардың (жұмыстың, қызметтер) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат" деген 45-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуына ықпал ететін ақпарат көрсетіледі.
"Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы" деген 46-бағанда мәмілеге қатысушы импорттайтын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының болжамы көрсетіледі.
"Іскерлік операцияларды жүргізу стратегиясы" деген 47-бағанда іскерлік операцияларды жүргізудің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі.
"Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік" деген 48-бағанда ұйымның қаржылық жағдайы, оның қызметінің қаржылық нәтижелері және оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы бірыңғай деректер жүйесін білдіретін ақпарат көрсетіледі.
"Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау" деген 49-бағанда компанияның қызмет саласы, операцияға қатысатын компаниялар арасында міндеттер, тәуекелдер мен активтер қалай бөлінгенін айқындау үшін оның міндеттері, тәуекелдері мен активтері туралы мәліметтер көрсетіледі.
"Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы" деген 50-бағанда маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақысы көрсетіледі.
"Бағаланатын кезең" деген 51-бағанда мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған, қатарынан күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі көрсетіледі.
"Ақпарат көздерінен алынған баға" деген 52-бағанда ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық белгіленімдер туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға көрсетіледі.
"Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты" мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысанының 10, 11, 16, 26, 36, 37, 42-50-бағандарында көрсетілуге тиісті ақпарат осындай шарттар мен деректер болған жағдайда Салық комитетінің жазбаша сұрау салуы бойынша, көрсетілген сұрау салуды алған күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде табыс етіледі. Көрсетілген ақпарат өзінің келу тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз және (немесе) электрондық тасығышта қосымша түрінде табыс етіледі. Көрсетілген ақпарат бар болса "Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты" мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысанының 10, 11, 16, 26, 36, 37, 42-50-бағандарында тиісті қосымшаға сілтеме көрсетіледі, мұндай ақпарат жоқ болған жағдайда - деректер жоқ деп көрсетіледі.
Мәмілеге қатысушы қағаз тасығышта табыс ететін ақпаратқа басшы және бас бухгалтер қол қояды, сондай-ақ мөрмен куәландырылады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 № 786 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Мәмілелер мониторингіне жататын тауарлармен мәмілелерді жүзеге асыратын мәмілеге қатысушылардың мәмілелер мониторингі бойынша құжаттама жүргізу тәртібі
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 № 786 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Мәмілеге қатысушылар қолданылатын бағаның негізділігін растайтын құжаттама жүргізеді және мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша оны мемлекеттік кірістер органдарына табыс етеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 № 786 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Халықаралық іскерлік операцияларда қолданылатын бағалардың негіздемесінде мәмілеге қатысушылар мынадай құжаттама жүргізеді:
1) тауарларды сату жөніндегі келісімшарттар (шарттар) (толықтырулармен және өзгерістермен);
2) Қазақстан Республикасының және шет елдердің компанияларындағы инвестициялар (үлестер, акциялар) туралы мәліметтер;
3) шот-фактуралар (инвойстар), тауарларды қабылдау-беру актілері;
4) тауарлар экспортынан түсімдер бойынша банктен көшірме жазбалар;
5) тауарларға декларациялар (екі жақты) (өтініштер);
6) мәмілелер паспорты;
7) тауарлардың сапа сертификаты;
8) тауарлардың шығу сертификаты;
9) нарықтық бағаны айқындау үшін пайдаланылатын ақпарат көздері;
10) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс туралы ақпарат;
11) бағалардың дұрыс қолданылуын негіздейтін және тауарларды сату жөніндегі шығыстарды (тауарды тасымалдау, сақтандыру, делдал қызметіне ақы төлеуге, порттардағы ауыстырып тиеу бойынша шығыстар, кемені жалға алу, кеден төлемдері мен салықтарды растайтын, темір жол және басқа да көлік жүкқұжаттары, сапа үшін жеңілдіктер мен үстемеақыларды растайтын теңіз коносаменттері және басқа да шығыстар) растайтын басқа да құжаттар.
Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.07.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
Әкімшілік деректер нысаны: https://kgd.gov.kz/ru/content/transfertnoe-cenoobrazovanie-1-1 интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік деректер нысанының атауы: "Тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспорты" мәмілелер мониторингі бойынша есептілік.
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-цифрлық қысқаша көрінісі): 1-Э ТЖҚ
Кезеңділігі: жыл сайын.
Есепті кезең: 20__ жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Тізбеге сәйкес кірістердің (шығыстардың) және (немесе) міндеттемелердің есепті қаржы жылындағы жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын кемінде 250 000 айлық есептік көрсеткішті құрайтын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша халықаралық іскерлік операцияларды жүзеге асыратын салық төлеушілер.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей.
Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы бұйрықпен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында келтірілген.
"Тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспорты" мәмілелер мониторингі бойынша есептілік
№ | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Бизнес сәйкестендіру нөмірі | Жөнелтушінің (экспорттаушының) атауы | Салық кезеңі | Тауарларғаарналған декларацияның (өтініштің) күні | Тауарларғаарналған декларацияның (өтініштің) № | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды | Тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы | Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапалық сипаттамалары | Тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы беделі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Кестенің жалғасы
Тауарды жөнелту, жұмысты орындау, қызметті көрсету елі | Тасымалдау түрі | Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) шығарушы ел | Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіруші | Тауарлық таңбасының (сауда маркасының, брендінің) болуы | ИНКОТЕРМС-ке сәйкес тауарды жеткізу шарты | Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) тиеп жөнелту күні | Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) тиеп жөнелту орны | Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) межелі елі | Тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) жеткізу пункті | Сатып алушының атауы |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
Кестенің жалғасы
Сатып алушының заңды мекенжайы | Сатып алушының тіркелген елі | Сауда жасаушы ел | Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланысы туралы ақпарат | Келісімшарттың (шарттың) күні | Келісімшарттың (шарттың) № | Шот-фактураның күні және № | Тауардың өлшем бірлігі | Тауарды өткізу көлемі | Құны (келісімшарттағы (шарттағы) валютада) | Мәміле бағасы (келісімшарттағы (шарттағы) валютада) |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 |
Кестенің жалғасы
Келісімшарт (шарт) валютасы | Теңге бағамы | Трансферттік баға белгілеу әдіснамасы | Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар | Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс | Ақпарат көзі | Дифференциал (ашып жазумен) | Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) нарықтық бағасы | Мәмілеге қатысушының (экспорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің, қызмет саласының және нарық шарттарының сипаттамасы | Бизнестің стратегиясы | Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат |
34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 |
Кестенің жалғасы
Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат | Экспорттық нарықтардағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағасының болжамы | Іскерлік операцияларды жүргізу стратегиясы | Бухгалтерлік есептің, оның ішінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттар бойынша есептері, | Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау | Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда- делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақысы | Белгіленім кезеңі | Ақпарат көзінен алынған баға |
45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 |
Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.07.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
Әкімшілік деректердің нысаны: https://kgd.gov.kz/ru/content/transfertnoe-cenoobrazovanie-1-1 интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік деректер нысанының атауы: "Тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызмет) импорты" мәмілелер мониторингі бойынша есептілік.
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 2 - И ТЖҚ
Кезеңділігі: жыл сайын.
Есепті кезең: 20__ жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Тізбеге сәйкес кірістердің (шығыстардың) және (немесе) міндеттемелердің есепті қаржы жылындағы жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын кемінде 250 000 айлық есептік көрсеткішті құрайтын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша халықаралық іскерлік операцияларды жүзеге асыратын салық төлеушілер.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей.
Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы бұйрықпен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында келтірілген.
"Тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызмет) импорты" мәмілелер мониторингі бойынша есептілік