"Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 895 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 35591 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10760 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мәмілелер мониторингін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары халықаралық іскерлік операциялар бойынша мәмілелерге қатысушылар қолданатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырады.

      3. "Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10680 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тізбе) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялар тізбесіне сәйкес халықаралық іскерлік операцияларды жүзеге асыратын мәмілелерге қатысушылар осындай операциялар бойынша кірістердің (шығыстардың) және (немесе) міндеттемелердің есепті қаржы жылындағы жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын кемінде 250 000 айлық есептік көрсеткішті құрайтын, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты" және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты" мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті (бұдан әрі-мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі - Мемлекеттік кірістер комитеті) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей ұсынады. Күнтізбелік бір жыл есепті кезең болып табылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік кірістер органдары халықаралық іскерлік операциялардың мәмілелер мониторингін Заңның 6-бабына сәйкес жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады