Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.12.2024 № 866 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.12.2024 № 866 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.12.2024 № 866 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығымен бекітілген |
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.12.2024 № 866 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Халықаралық іскерлік операциялар | |
I | Мыналарға байланысты операциялар: | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
1. | Мұнай және мұнай өнімдері: | |
1.1. | Шикі мұнай | 2709 00 900 |
1.2. | Газ конденсаты | 2709 00 100 |
1.3. | Жеңіл дистилляттар (бензин) | 2710 12, 2710 12 110 - 2710 12 900, 2710 20 900 0 |
1.4. | Ауыр дистилляттар (газойлдер) | 2710 19 310 0, 2710 19 350 0, 2710 19 42 - 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 - 2710 20 190 0 |
1.5. | Ауыр дистилляттар (мазут) | 2710 19 620 1 - 2710 19 680 9, 2710 20 310 1 - 2710 20 390 9 |
2. | Мұнай газдары: | |
2.1. | Сұйытылған газ | 2711 11 000 0 — 2711 19 000 0 |
2.2. | Табиғи газ | 2711 21 000 0 |
3. | Тас көмір; тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды және қатты отынның ұқсас түрлері | 2701 |
4. | Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір | 2702 |
5. | Сутек, инертті газдар және басқа металл еместер | 2804 |
6. | Циклдік көмірсутектер | 2902 |
7. | Бастапқы нысандардағы этиленнiң полимерлерi | 3901 |
8. | Бастапқы нысандардағы пропилен немесе өзге де олефиндердiң полимерлерi | 3902 |
9. | Мұздатылған кептірілген, тұндырылған және коллоидты күкірттен басқа барлық түрдегі күкірт | 2503 00 |
10. | Түсті металдар: | |
10.1. | Мыс | 7402 00 000 0, 7403 11 000 0 - 7403 29 000 0 |
10.2. | Қорғасын | 7801 10 000 0 - 7801 99 900 0 |
10.3. | Мырыш | 7901 11 000 0 - 7901 20 000 0 |
10.4. | Өңделмеген алюминий | 7601 |
10.5. | Алюминий сым | 7605 |
10.6. | Тантал және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар | 8103 |
10.7. | Магний және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар | 8104 |
10.8. | Титан және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар | 8108 |
11. | Өзге де бағалы емес металдар: | |
11.1. | Бериллий, хром, гафний, рений, таллий, кадмий, германий, ванадий, галлий, индий және ниобий (колумбий) және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, олардан жасалатын бұйымдар | 8112 |
12. | Қара металдар: | |
12.1. | Қара металдар | 7204, 7205, 7214 — 7217 |
12.2. | Ферроқорытпалар | 7202 |
12.3. | Темір немесе легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар | 7207 |
12.4. | Темір немесе легирленбеген болаттан жасалған тегіс илек | 7208-7212 |
12.5. | Коррозияға төзімді болаттан жасалған тегіс илек | 7219-7220 |
13. | Бағалы металдар: | |
13.1. | Алтын | 7108 11 000 0, 7108 12 000, 7108 13 100 0 - 7108 20 000 |
13.2. | Күміс | 7106 10 000 0, 7106 91 000, 7106 91 000 9, 7106 92 000 0 |
14. | Рудалар мен концентраттар: | |
14.1. | Темір | 2601 |
14.2. | Марганец | 2602 00 000 0 |
14.3. | Хром | 2610 00 000 0 |
14.4. | Қорғасын | 2607 00 000 |
14.5. | Мырыш | 2608 00 000 0 |
14.6. | Мыс | 2603 00 000 0 |
14.7. | Бағалы металдардың кендері мен концентраттары | 2616 |
15. | Сирек жер металдары | - |
16. | Органикалық емес химия өнімдері: | |
16.1. | Белгiленген немесе белгiленбеген химиялық құрамның жасанды корунды; алюминий оксидi; алюминий гидроксидi | 2818 |
16.2. | Хром оксидтері мен гидроксидтері | 2819 |
16.3. | Химиялық радиоактивті элементтер және радиоактивті изотоптар (бөлінетін және химиялық элементтерді және изотоптарды шығаратын қоса алғанда) және олардың қосындылары; осы өнімдер бар қосындылар мен қалдықтар | 2844 |
17. | Бидай және меслин | 1001 |
18. | Мақта: | |
18.1. | Мақта талшығы | 5201 00 100 0, 5201 00 900 0, 5203 00 000 0 |
19. | Қант | 1701 |
20. | Күріш | 1006 |
21. | Арпа | 1003 |
22. | Бидай немесе бидай-қара бидай ұны | 1101 00 |
23. | Тұқымдар: | |
23.1. | Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған зығыр тұқымдары | 1204 00 |
23.2. | Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған күнбағыс тұқымдары | 1206 00 |
24. | Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген күнбағыс, мақсары немесе мақта майы және олардың фракциялары | 1512 |
25. | Табиғи кальций фосфаты, табиғи алюминий-кальций фосфаты және фосфатты бор | 2510 |
26. | Екi немесе үш қоректi элементтерден: азоттан, фосфордан және калийден тұратын минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар; өзге де тыңайтқыштар; брутто-массасы 10 кг-нан аспайтын осы топтың таблеткадағы немесе ұқсас нысандағы немесе орамдардағы тауарлары | 3105 |
27. | Битуминозды жыныстардан алынған мұнай коксы, мұнай битумы және мұнай және мұнай өнімдерін өңдеуден қалған өзге де қалдықтар | 2713 |
28. | Скандий қосылыстары | 2846 90 300 0 |
II | Өзге де халықаралық іскерлік операциялар | |
29. | Қарыздар (берілген/алынған) | |
30. | Құрылыс жұмыстары | |
31. | Жабдықтарды монтаждау | |
32. | Маркетингтік қызметтер | |
33. | Экспедиторлық қызметтер |
Аббревиатуралардың ашып жазылуы:
Р/с - Рет санының нөмірі;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды.