Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10941 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 202 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 07.06.2022 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабының 21-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесінің мөрлік мерзімдік басылымда және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 27 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 237 бұйрығымен
бекітілген

Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 21-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) инвестициялық бағдарлама – экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде мұнай өнімдерінің бағасына әсер ететін инвестициялық құрамдастарды қамтитын, жоспарланған техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында белгілі бір кезеңге мұнай өнімдерін өндірушілердің қазіргі өндірістік қуаттарын құруға, жаңғыртуға және жаңартуға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;

      2) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган).

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 27.06.2016 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге дейін мұнай өнімдерін өндіруші тұжырымдаманы әзірлейді.

      4. Инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасы мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) оның техникалық бөлігін қоса алғанда, инвестициялық бағдарламаның сипаттамасы;

      2) инвестициялық бағдарламаны өткізілуі мақсатының тұжырымы;

      3) инвестициялық бағдарламаны іске асырудың алдын ала күнтізбелік жоспарын белгілеу;

      4) инвестициялық бағдарламаның қаржы-экономикалық нәтижелерінің құнын алдын ала есептеу және бағалау;

      5) инвестициялық бағдарламаның тәуекелін алдын ала бағалау;

      6) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеудің, қажетті консультациялық қызметтің (қажет болған жағдайда) құнын есептеу.

      5. Инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын уәкілетті органға келіп түсккеннен кейін күнтізбелік жиырма күн ішінде қарайды.

      Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын қарайды және мазмұнына қатысты ескертулер болған жағдайда, инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын пысықтауға күнтізбелік он күн ішінде негізделген ескертулерді көрсете отырып қайтарады.

      6. Ұсынылған тұжырымдаманың мазмұнына ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын мақұлдайды.

      7. Мақұлданған инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасы күнтізбелік жиырма күн ішінде мұнай өнімдерін өндірушіге оның негізінде инвестициялық бағдарламаны әзірлеу үшін жіберіледі.

      8. Инвестициялық бағдарламалар мынадай өлшемдерден тұрады:

      1) ең аз қаржы-экономикалық тәуекелдер;

      2) төмен нормативтік және (немесе) нормативтен тыс шығындар;

      3) жобаның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің оң мәндері – табыстың (кірістіліктің) ішкі нормасы;

      4) нарық конъюнктурасына және төлем қабілеті бар сұранымға сәйкес оны барынша пайдалану мақсатында заем ресурстарын қарызға алу мен өтеу схемасын оңтайландырумен, өндірістік шығындарды азайтумен, өндірісті әртараптандырумен қамтамасыз ететін инвестицияларды өтеудің ең аз мерзімдері;

      5) өндірілетін мұнай өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру.

      9. Инвестициялық бағдарламаның мазмұны осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген.

3-тарау. Инвестициялық бағдарламаларды бекіту тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Әзірленген инвестициялық бағдарламалар уәкілетті органның қарауына және бекітуіне ұсынылады.

      Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаларды күнтізбелік отыз күн ішінде қарастырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны бекітеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Ескертулер болған жағдайда, уәкілетті орган негізделген ескертулерді көрсете отырып, инвестициялық бағдарламаны күнтізбелік жиырма күн ішінде мұнай өнімдерін өндірушіге пысықтау үшін қайтарады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Мұнай өнімдерін өндіруші инвестициялық бағдарлама жобасының ескертулерін ескере отырып пысықтайды және оны уәкілетті органға қайта қарау үшін жібереді.

      17. Уәкілетті органның инвестициялық бағдарламаны қайта қарау мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы есептіліктің ұсынылу тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Мұнай өнімдерін өндірушілер инвестициялық бағдарламаны іске асыру кезінде уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей инвестициялық бағдарламаның технологиялық бөлігін іске асыру туралы есептілікті еркін жазбаша түрде береді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Мұнай өнімдерін өндірушілер уәкілетті органға мынадай мәліметтерді қамтитын мәтіндік есепті:

      1) есепті кезеңде іске қосылған технологиялық қондырғылар туралы ақпаратты;

      2) инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде өнімдердің сапалық сипаттамасының өзгерістері туралы ақпаратты ұсынады.

      20. Уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепті қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша сұратады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Ұсынылатын құжаттардың әрбір парағына мұнай өнімдерін өндірушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қол қояды, оған растайтын құжат қоса беріледі, ал қаржылық құжаттарға бас бухгалтер қол қояды.

  Инвестициялық
бағдарламаларды әзірлеу және
бекіту, сондай-ақ олардың іске
асырылуы туралы есептілікті
ұсынудың қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Инвестициялық бағдарламаның мазмұны

      Инвестициялық бағдарламаның мазмұны (бұдан әрі - Мазмұны) мынадай құрылымды қамтиды:

      1. Мұнай өнімдерін өндірушінің қысқаша сипаттамасынан:

      1) заңды тұлғаның атауы;

      2) ұйымдық-құқықтық нысан, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      3) заңды тұлғаның басшысы;

      4) заңды тұлғаның мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық почтасы;

      5) заңды тұлға қызметінің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы, негізгі өндірістік көрсеткіштері. Соңғы есептік кезеңге мұнай өнімдерін өндірушінің қаржы-шаруашылық қызметі туралы қысқаша есебі;

      2. Инвестициялық бағдарламаның қысқаша сипаттамасынан:

      1) жобаның атауы;

      2) жобаның негізгі мақсаттар;

      3) жобаға тікелей қатысушылары;

      4) жобаны іске асыру орны (облыс, аудан);

      5) қысқаша мазмұны: шығарылуы болжанатын өнім, ықтимал түрлендіру спектрін, мақсаты мен қолдану саласын көрсете отырып, тауардың немесе қызметтердің қысқаша сипаттамасы.

      3. Болжанатын жобаның сипаты:

      жаңасын құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру немесе кеңейту және жоба бойынша техникалық құжаттаманың болуы (техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама, құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жабдықтарды жеткізуге арналған шарттар мен келісімшарттардың көшірмелері, жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттардың көшірмелері; ғимараттарды, құрылыстарды жалдауға арналған шарттардың көшірмелері және басқа құжаттар).

      4. Жоба бойынша іске асыру мен шектеулердің ерекше шарттары:

      лицензиялардың (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса), патенттердің, рұқсаттардың болуы, экспорттық және импорттық квоталардың болуы, өткізу нарығы мен шикізат, су-энергиямен жабдықтау, көлік, байланыс бойынша шектеулер мен ұсыныстар, қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіндігі, шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігі, технологиялық үдерістердің экологиялық тазалығына қойылатын талаптар.

      5. Жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:

      1) өз қаражаты;

      2) қарыз қаражаты (кредиттер немесе шаруашылық етуші субъектілердің тартылған қаражаты) және/немесе гранты;

      3) жобаны іске асыру мерзімдері (инвестицияны жүзеге асыру сәтінен бастап (ай (жыл);

      6. Инвестициялық бағдарламаның техникалық бөлімі:

      жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы.

      7. технологиялық шешімді таңдау негіздемесі:

      1) жобаның орналасу орнын және көлемін (ауқымын) таңдау негіздемесі (жеткізушілер мен нарықтар үшін орналасу қолайлылығы);

      2) ілеспе инфрақұрылым мен көліктік мүмкіндіктер;

      3) қазіргі үй-жайларды пайдалану немесе қайта жаңарту мүмкіндіктері;

      4) жоба бойынша тауарларды өндіру (қызметтер көрсету) көлемін анықтайтын факторлар;

      5) осы Мазмұнның қосымшасының 1-кестесіне сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы (ұқсастармен салыстыруда тауарларды өндіру, қызметтерді көрсету үшін ұсынылатын техникалық деңгейі мен құны, ақпарат көзіне сілтеме);

      6) шикізат ресурстарын пайдалану ұтымдылығының дәрежесі: шикізатты өңдеу дәрежесі;

      7) өндірістің рециклдігі (қалдықтарды өңдеу);

      8) жергілікті шикізатты пайдалану;

      9) осы Мазмұнның қосымшасының 2-кестесіне сәйкес жобаны іске асыру кестесі;

      8. Инвестициялық бағдарламаның коммерциялық бөлімі:

      1) шикізат пен жабдықтарды жеткізу: шикізат нарығын (отандық және импорттық) талдау;

      2) пайдаланылатын шикізат түрлерінің тізбесі;

      3) көлік шығыстарын есепке ала отырып, бағалардың қол жетімділігі мен деңгейі.

      9. жабдықтарды шығаратын жеткізушілерді таңдау:

      1) қажетті жабдықтар тізбесі және оған қойылатын негізгі техникалық талаптар;

      2) әлемдік және жергілікті нарықтардағы жабдықтар мен технологиялардың жаңалығы;

      3) көлік шығыстарын, монтаждау мен іске қосу-жөндеу жұмыстарын есепке ала отырып жабдықтардың құны;

      4) жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда);

      5) қосалқы бөлшектермен немесе жұмсалатын материалдармен жабдықтау көздері;

      10. маркетинг:

      1) осы Мазмұнның қосымшасының 3-кестесіне сәйкес шығарылатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен көлемдерінің тізбесі;

      2) қолданыстағы шектеулерді (квота, лицензиялар және басқалар) есепке ала отырып, өткізу нарықтарын болжамдау - (нарық сыйымдылығы);

      3) ішкі және сыртқы нарықтардағы әлеуетті төлем қабілеті бар сұраным, қазіргі уақыттағы оны қанағаттандыру дәрежесі;

      4) жеткізу қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдердегі қандай елдерге көзделіп отырғанын көрсете отырып өткізу арналары;

      5) нарықта ұқсас, өзара ауыстырылатын немесе өзара толықтырылатын тауарлардың, қызметтердің бар-жоғы, оларды өндірудің болашақтағы өсуін бағалау, соңғы бірнеше жылдағы тауарлар импортының және/немесе экспортының серпіні, көлемі мен бағалары, негізгі бәсекелестері және олардың нарықтағы үлес салмағы;

      6) ықтимал әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруі нәтижесіндегі нарық болжамы;

      11. Өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттар:

      1) тауарларды жеткізуге арналған келісімшарттардың немесе ниеттер туралы хаттамалардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      2) тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің бағалары деңгейінің болжамдық бағалауы;

      3) коммерциялық тәуекел факторлары және негізгі маркетингтік іс-шаралар;

      12. Инвестициялық бағдарламаның ұйымдық бөлімінен (тартылатын ұйымдар):

      1) жобаны салушы;

      2) жабдықтарды өндірушілер;

      3) жабдықтарды жеткізушілер;

      4) қаржыландыратын ұйым;

      5) делдалдар;

      6) жобаны іске асыру барысында оған қатысушылар арасындағы міндеттер мен жауапкершілікті бөлу;

      7) ұйымдық құрылым және тауарлар сапасының менеджмент және бақылау жүйелері;

      13. Инвестициялық бағдарламаның әлеуметтік бөлімі:

      1) еңбек ресурстарындағы жобаның қажеттіліктері (қажетті саны және біліктілігі): қажетті біліктілігі бар кадрлардың болуы;

      2) біліктілік көмегін тарту қажеттілігі, оның ішінде импорт;

      3) жобаның халықты жұмыспен қамтуға және білім беру деңгейін арттыруға әсері;

      14. Инвестициялық бағдарламаның қаржылық бөлімі:

      1) инвестицияларды бағалау: толық инвестициялық шығындар (негізгі және айналым капиталына инвестициялар);

      2) жобаны қаржыландыру және инвестиция құрылымы (инвестицияның жалпы көлемін бағалау: жобаны іске асыру үшін қаржының жеткіліктілігі, инвестиция құрылымы, қаржыландыру схемасы және шарттары, пайданы пайдалану ықтималы);

      3) инвестициялық бағдарламаның іске асырылуының ықпалы мұнай және газ конденсатын өңдеу жөніндегі қызмет бағасына әсері;

      4) тәуекелдерді бағалау:

      тәуекелдер түрлері,

      тәуекел дәрежесі (дисконт ставкасы).

      15. Қаржылық талдау және жобаның қаржылық үлгісі:

      1) үлгілерді инвестициялық артықшылықтарды ескермей-ақ және тиісті инвестициялық артықшылықтарды ескере отырып есептеу;

      2) жобаның әрекет ету цикліндегі таза дисконтталған табысын (NPV);

      3) жобаның әрекет ету цикліндегі ішкі кірістілік нормасын (IRR);

      4) жобаның өзін-өзі ақтау мерзімін (жай және дисконтталған);

      5) жобаның әрекет етуінің әр жылына жай пайда нормасын (рентабельдігін);

      6) түрлері бойынша бюджетке төленетін салықтар, кедендік баждар мен төлемдерді;

      7) төленетін салықтардың барлық түрлері бойынша бюджеттік тиімділіктің жиынтық есебін.

      16. Инвестициялық бағдарламаның экологиялық бөлімі:

      жоба технологияларының қоршаған ортаға әсер етуі бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі;

      17. Инвестициялық бағдарламаның экономикалық бөлімі:

      1) жобаның ел экономикасының қажеттілігіне (даму бағдарламасына, басқа да бағдарламалық құжаттарға) сәйкестігі;

      2) халық тұтынатын азық-түлік тауарларын және азық-түліктік емес тауарлардың шығарылуын ұлғайту;

      3) импортты алмастыру (қабылданған импорт алмастыру бағдарламаларына сәйкестігі);

      4) экспортты ұлғайту;

      5) жаңа жұмыс орындарын құру;

      6) халықтың білімін және біліктілік деңгейін арттыру;

      7) "ноу-хау" озық технологияларды игеру;

      8) жобаны іске асырудан мультипликатордың нәтижесі;

      9) сапа жүйесінің тиісті халықаралық стандарттарына сәйкес келетін өндірісін ұйымдастыру.

  Инвестициялық бағдарламаның
Мазмұнына қосымша

      форма

      1-кесте

Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні

Ұсынылатын үлгі

Аналогтар

1.



2.




      2-кесте

Жобаны іске асыру кестесі

Іс-шаралардың атауы

Іс-шараның іске асырылу кезеңі _____ жыл

Іс-шараның жоспарланған параметрлері (көрсеткіштері)


І тоқ.

ІІ тоқ.

ІІІ тоқ.

ІV тоқ.

Өлшем бірл.

Техникалық параметрлері

Өлшем бірл.

Инвестициялар сомасы

Өлшем бірл.

Инвест. көзі

1.








2.









      3-кесте

Шығарылатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен көлемдерінің тізбесі

Тауарлардың атауы

Өндіріс көлемі құндық мәнде (мың теңге)

Өндіріс көлемі заттай мәнде

Өнім белгісі

Ескертпе

Қолданыстағы

Жаңа

1.






2.






  Инвестициялық
бағдарламаларды әзірлеу және
бекіту, сондай-ақ олардың іске
асырылуы туралы есептілікті
ұсынудың қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      форма

Инвестициялық бағдарламасының өткізілуі туралы есеп

      ____________________________________________________

      (мұнай өнімдерін өндірушінің атауы)

      инвестициялық бағдарламаның атауы

      _________________________________________________________

      (қолданылу мерзімін көрсете отырып)

      Кім бекітті _________________________________________________________

      (бұйрықтың күні, нөмірі)

р/с

Іс-шараның атауы

Іс-шараның іске асырылу мерзімі

Бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараның, объектінің жоспарланған параметрлері (көрсеткіштері)



I тоқсан

II тоқсан

III тоқсан

IV тоқсан

Өлшем бірлігі

Техникалық параметрлер

Өлшем бірлігі

Инвестициялар сомасы

Өлшем бірлігі

Инвестициялар көзі














      кестенің жалғасы

Бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараның, объектінің орындалуы, нақты параметрлері (көрсеткіштері) (өсімі бойынша қорытындысымен)

Ауытқуы

Ауытқу себебі

Өлшем бірлігі

Техникалық параметрлер

Өлшем бірлігі

Инвестициялар сомасы

Өлшем бірлігі

Инвестициялар көзі










Об утверждении Правил разработки и утверждения инвестиционных программ, а также представления отчетности об их реализации

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 237. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2015 года № 10941. Утратил силу приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 7 июня 2022 года № 202.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 07.06.2022 № 202 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 21-4) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 20 июля 2011 года "О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила разработки и утверждения инвестиционных программ, а также представления отчетности об их реализации.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту развития нефтяной промышленности Министерства энергетики Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление на официальное опубликование копии настоящего приказа в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Министр Энергетики


Республики Казахстан

В. Школьник

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      _____________ Е. Досаев

      27 марта 2015 года

  Утверждены
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан
от 27 марта 2015 года № 237

Правила разработки и утверждения инвестиционных программ, а также представления отчетности об их реализации

      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила разработки и утверждения инвестиционных программ, а также представления отчетности об их реализации (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 21-4) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 20 июля 2011 года "О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов" и определяют порядок разработки и утверждения инвестиционных программ, а также представления отчетности об их реализации.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящих Правилах применяются следующие понятия:

      1) инвестиционная программа - программа вложения и возврата средств, направленных на создание, модернизацию и реконструкцию существующих производственных мощностей производителей нефтепродуктов, на определенный период с целью получения планируемого технико-экономического эффекта, включающая в себя экономические показатели, в том числе инвестиционные составляющие, влияющие на цену нефтепродуктов;

      2) производитель нефтепродуктов – юридическое лицо, имеющее на праве собственности и (или) иных законных основаниях нефтеперерабатывающий завод и осуществляющее производство нефтепродуктов в соответствии с паспортом производства, а также реализацию произведенных собственных нефтепродуктов и (или) передачу нефтепродуктов, являющихся продуктом переработки давальческого сырья;

      3) уполномоченный орган в области производства нефтепродуктов - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в области государственного регулирования производства нефтепродуктов (далее - уполномоченный орган).

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом Министра энергетики РК от 27.06.2016 № 277 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок разработки инвестиционных программ

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. До разработки инвестиционной программы производитель нефтепродуктов разрабатывает концепцию.

      4. Концепция инвестиционной программы содержит следующие разделы:

      1) описание инвестиционной программы, включая его техническую часть;

      2) формулировку целей реализации инвестиционной программы;

      3) определение предварительного календарного плана реализации инвестиционной программы;

      4) предварительный расчет стоимости и оценку финансово-экономических результатов инвестиционной программы;

      5) предварительную оценку рисков инвестиционной программы;

      6) расчет стоимости разработки технико-экономического обоснования, необходимых консультационных услуг (при необходимости).

      5. Концепция инвестиционной программы рассматривается уполномоченным органом в течение двадцати календарных дней.

      Уполномоченный орган рассматривает концепцию инвестиционной программы и при наличии замечаний к содержанию возвращает концепцию инвестиционной программы на доработку в течение десяти календарных дней с указанием обоснованных замечаний, требующих доработки.

      6. В случае отсутствия замечаний к содержанию представленной концепции, уполномоченный орган одобряет концепцию инвестиционной программы.

      7. Одобренная концепция инвестиционной программы в течение двадцати календарных дней направляется производителю нефтепродуктов для разработки на ее основании инвестиционной программы.

      8. Инвестиционные программы отвечают следующим критериям:

      1) минимальные финансово-экономические риски;

      2) низкие нормативные и/или сверхнормативные потери;

      3) положительные значения основных финансово-экономических показателей проекта - внутренняя норма прибыли (доходности);

      4) минимальные сроки возмещения инвестиций, которые обеспечиваются оптимизацией схемы заимствования и возмещения заемных ресурсов, снижением производственных затрат, диверсификацией производства с целью его максимального использования в соответствии с конъюнктурой рынка и наличием платежеспособного спроса;

      5) увеличение объема и качества производимых нефтепродуктов.

      9. Содержание инвестиционной программы приведены в приложении 1 к настоящим Правилам.

Глава 3. Порядок утверждения инвестиционных программ

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Разработанные инвестиционные программы представляются в уполномоченный орган на рассмотрение и утверждение.

      Уполномоченный орган рассматривает инвестиционные программы в течение тридцати календарных дней.

      Сноска. Пункт 10 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      11. Исключен приказом Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      12. Исключен приказом Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. В случае необходимости, уполномоченный орган запрашивает у производителя нефтепродуктов дополнительную информацию в письменной форме, необходимую для рассмотрения инвестиционной программы.

      Сноска. Пункт 13 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. В случае отсутствия замечаний, уполномоченный орган утверждает инвестиционную программу.

      Сноска. Пункт 14 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. При наличии замечаний уполномоченный орган в течение двадцати календарных дней возвращает инвестиционную программу производителю нефтепродуктов на доработку с указанием обоснованных замечаний.

      Сноска. Пункт 15 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Производитель нефтепродуктов дорабатывает с учетом замечаний проект инвестиционной программы и направляет его на повторное рассмотрение в уполномоченный орган.

      17. Срок повторного рассмотрения инвестиционной программы уполномоченным органом не превышает пятнадцати календарных дней.

      Сноска. Пункт 17 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 4. Порядок представления отчетности о реализации инвестиционных программ

      Сноска. Заголовок главы 4 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. Производитель нефтепродуктов при реализации инвестиционных программ представляет в уполномоченный орган ежеквартально, не позднее пятнадцатого числа месяца, следующего за отчетным кварталом, в произвольном письменном виде отчетность о реализации технологической части инвестиционной программы.

      Сноска. Пункт 18 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      19. Производители нефтепродуктов представляют в уполномоченный орган отчетность в произвольном виде, содержащий следующие сведения:

      1) информацию о введенных за отчетный период технологических установках;

      2) информацию об изменениях качественных характеристик продукции в результате реализации инвестиционной программы.

      20. Уполномоченный орган письменно запрашивает у производителя нефтепродуктов дополнительную информацию, необходимую для рассмотрения отчета о реализации инвестиционной программы.

      Сноска. Пункт 20 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      21. Каждый лист представляемых документов парафируется руководителем производителя нефтепродуктов либо лицом, исполняющим его обязанности с приложением подтверждающих документов, а финансовые документы - главным бухгалтером.

  Приложение 1 к Правилам
разработки и утверждения
инвестиционных программ, а
также представления отчетности
об их реализации

      Сноска. Текст в правом верхнем углу приложения 1 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Содержание инвестиционной программы

      Содержание инвестиционной программы (далее - Содержание) отвечают следующей структуре:

      1. Краткая характеристика производителя нефтепродуктов:

      1) название юридического лица;

      2) организационно-правовая форма, дата государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица;

      3) руководитель юридического лица;

      4) адрес юридического лица, телефон, факс, электронная почта;

      5) краткое описание основных направлений деятельности юридического лица, основные производственные показатели. Краткий отчет о финансово-хозяйственной деятельности производителя нефтепродуктов за последний отчетный период.

      2. Краткая характеристика инвестиционной программы:

      1) название проекта;

      2) основные цели проекта;

      3) непосредственные участники проекта;

      4) место реализации проекта (область, район);

      5) краткое содержание: предполагаемая к выпуску продукция, краткое описание товара или услуг с указанием возможного спектра модификаций, назначения и области применения.

      3. Характер предполагаемого проекта:

      создание нового, реконструкция или расширение действующего предприятия; наличие технической документации по проекту (технико-экономическое обоснование, проектно-сметная документация, копии договоров и контрактов на строительно-монтажные работы и поставку оборудования, копии документов, подтверждающих права на земельный участок, копии договоров на аренду зданий и сооружений).

      4. Особые условия реализации и ограничения по проекту:

      наличие лицензий (если вид деятельности относится к лицензируемым), патентов, разрешений, наличие экспортных и импортных квот, ограничения и рекомендации по рынкам сбыта и сырья, водо- энергоснабжению, транспорту, связи, возможности утилизации отходов, потребности в иностранной рабочей силе, требования к экологической чистоте технологических процессов.

      5. Стоимость реализации проекта, источники финансирования:

      1) собственные средства;

      2) заемные средства (кредиты или привлеченные средства хозяйствующих субъектов) и/или грант;

      3) сроки реализации проекта (месяцев (лет) с момента осуществления инвестиций).

      6. Технический раздел инвестиционной программы:

      краткое описание технологии проекта.

      7. Обоснование выбора технологического решения:

      1) обоснование выбора местоположения и размера (масштаба) проекта (удобство месторасположения для поставщиков и рынков);

      2) сопутствующая инфраструктура и транспортные возможности;

      3) возможности использования или реконструкции существующих помещений;

      4) факторы, определяющие объем производства товаров (услуг) по проекту;

      5) сравнительный анализ альтернативных решений по техническим и стоимостным характеристикам (технический уровень и стоимость предлагаемых для производства товаров, услуг в сопоставлении с аналогами, ссылки на источник информации) в соответствии таблицей 1 по форме согласно приложению к настоящему Содержанию;

      6) степень рациональности использования сырьевых ресурсов: степень переработки сырья;

      7) рецикличность производства (переработка отходов);

      8) использование местного сырья;

      9) график реализации проекта в соответствии таблицей 2 по форме согласно приложению к настоящему Содержанию.

      8. Коммерческий раздел инвестиционной программы:

      1) поставки сырья и оборудования: анализ рынка сырья (отечественного и импортного);

      2) перечень видов используемого сырья;

      3) доступность и уровень цен с учетом транспортных расходов.

      9. Выбор производителей поставщиков оборудования:

      1) перечень необходимого оборудования и основные технические требования к нему;

      2) новизна оборудования и технологии на мировом и местном рынках;

      3) стоимость оборудования с учетом транспортных расходов, монтажных и пусконаладочных работ;

      4) наличие ремонтной базы (в случае необходимости);

      5) источники снабжения запасными частями или расходными материалами.

      10. Маркетинг:

      1) перечень видов и объемы выпускаемых товаров или оказываемых услуг в соответствии таблицей 3 по форме согласно приложению к настоящему Содержанию;

      2) прогнозирование рынков сбыта с учетом действующих ограничений (квоты, лицензии и другие) - (емкость рынка);

      3) потенциальный платежеспособный спрос на внутреннем и внешнем рынках, степень его удовлетворения в настоящее время;

      4) каналы сбыта с указанием в какие регионы, каким потребителям, в какие страны за рубежом предполагается поставка;

      5) имеются ли на рынке аналогичные, взаимозаменяемые или взаимодополняемые товары, услуги, оценка будущего роста их производства, динамика импорта и/или экспорта товаров за последние несколько лет, объем и цены, основные конкуренты и их удельный вес на рынке;

      6) прогноз рынка в результате возможных изменений социально-экономической ситуации.

      11. Документы, подтверждающие возможность сбыта:

      1) нотариально заверенные копии контрактов на поставку товаров или протоколов о намерениях;

      2) прогнозные оценки уровня цен на товары или на оказываемые услуги;

      3) факторы коммерческого риска и основные маркетинговые мероприятия.

      12. Организационный раздел инвестиционной программы (привлекаемые организации):

      1) проектоустроитель;

      2) производители оборудования;

      3) поставщики оборудования;

      4) финансирующая организация;

      5) посредники;

      6) распределение обязанностей и ответственности в процессе реализации проекта между его участниками;

      7) организационная структура и системы менеджмента и контроля качества товаров.

      13. Социальный раздел инвестиционной программы:

      1) потребности проекта в трудовых ресурсах (необходимая численность и квалификация):

      наличие кадров с необходимой квалификацией;

      потребность в привлечении квалифицированной помощи, в том числе импорт;

      2) влияние проекта на занятость и повышение образовательного уровня населения.

      14. Финансовый раздел инвестиционный программы:

      1) оценка инвестиций: полные инвестиционные издержки (инвестиции в основной и оборотный капитал);

      2) финансирование проекта и структура инвестиций (оценка общего объема инвестиций: достаточность средств для реализации проекта, структура инвестиций, схема и условия финансирования, предполагаемое использование прибыли);

      3) влияние реализации инвестиционной программы на стоимость услуг по переработке нефти и газового конденсата;

      4) оценка рисков:

      виды рисков;

      степень риска (ставка дисконта).

      15. Финансовый анализ и финансовая модель проекта:

      1) расчет моделей без учета инвестиционных преференций и с учетом соответствующих инвестиционных преференций;

      2) определить чистый дисконтированный доход (NPV) за жизненный цикл проекта;

      3) внутреннюю норму доходности (IRR) за жизненный цикл проекта;

      4) срок окупаемости проекта (простой и дисконтированный);

      5) простую норму прибыли (рентабельность) на каждый год жизни проекта;

      6) уплачиваемые налоги, таможенные пошлины и платежи в бюджет по видам;

      7) сводный расчет бюджетной эффективности по всем видам уплачиваемых налогов.

      16. Экологический раздел инвестиционной программы:

      соответствие технологии проекта стандартам и нормативам по воздействию на окружающую среду.

      17. Экономический раздел инвестиционной программы:

      1) соответствие проекта потребностям экономики страны (программам развития, другим программным документам);

      2) увеличение выпуска продовольственных товаров и непродовольственных товаров народного потребления;

      3) импортозамещение (соответствие принятым программам импортозамещения);

      4) увеличение экспорта;

      5) создание новых рабочих мест;

      6) повышение уровня образования и квалификации населения;

      7) освоение передовых технологий, "ноу-хау";

      8) эффект мультипликатора от реализации проекта;

      9) организация производства соответствующего международным стандартам систем качества.

  Приложение
к Содержанию
инвестиционной программы

      форма

      Таблица 1

Сравнительный анализ альтернативных решений по техническим и
стоимостным характеристикам

Наименование показателей

Значение показателей

Предлагаемый образец

Аналоги

1.



2.



      Таблица 2

График реализации проекта

Наименование

мероприятия

Период реализации

мероприятий

год ___________

Плановые параметры

(показатели) мероприятия

Ед.

изм.

Технические

параметры

Ед.

изм

Сумма

инвестиций

Ед.

изм

Источник

инвестиций

I

кв

II

кв.

III

кв.

IV

кв.

1.











2.











      Таблица 3

Перечень видов и объемы выпускаемых товаров или оказываемых услуг

Наименование

товаров

Объем производства

в стоимостном

выражении (тысяч

тенге)

Объем производства

в натуральном

выражении

Признак продукции

Примечание

Существующая

Новая

1.






2.






  Приложение 2 к Правилам
разработки и утверждения
инвестиционных программ, а
также представления отчетности
об их реализации

      Сноска. Текст в правом верхнем углу приложения 2 в редакции приказа Министра энергетики РК от 11.07.2019 № 242 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      форма

Отчет об исполнении инвестиционной программы

      ____________________________________________________

      (наименование производителя нефтепродуктов)

      наименование инвестиционной программы

      ________________________________________

      (с указанием периода действия)

      кем утверждена _____________________________________

      (дата, номер приказа)

п/п

Наименование

мероприятия

Период

реализации

мероприятий

год __________

Плановые параметры (показатели) мероприятия,

объекта предусмотренных утвержденной инвестиционной

программой

Ед. изм

Технические

параметры

Ед.

изм

Сумма

инвестиций

Ед.

изм

Источник

инвестиций

I

кв

II кв

III кв

IV кв













      Продолжение таблицы

Исполнение, фактические параметры (показатели) мероприятия, объекта предусмотренных утвержденной инвестиционной программой (с нарастающим итогом)

Отклонение

Причины

отклонения

Ед.

изм

Технические

параметры

Ед.

изм

Сумма

инвестиций

Ед.

изм

Источник

инвестиций